Құрметті жерлестер, сайтымыздың қонақтары, баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Өткен жыл халқымызға жеңіл тиген жоқ: қаңтардағы оқиға қабырғамызды қайыстырды, экономикалық келеңсіздіктер мен тұрақсыздыққа қоса алыстағы Украинада соғыс басталды, Елінің тәуелсіздігі үшін украин халқының азаматтары жан  алып, жан берісіп жатыр, сол соғыстың ұшқыны бізге де келуі мүмкін екенін түсіндік, себебі көршіміздің, біздер «дос» санап жүрген кейбір саясаткерлері  Украинадан кейін Қазақстанның да кезегі келеді деп жыл бойы ашық айтып өтті. Елімізді Құдай сақтасын! Халқымызға соғысы көрсетпесін!Жамандықтың барлығы өткен жылмен кетсін!

... Әрі қарай оқу »

Санат: Мәдениет | Қараулар саны: 729 | Қосқан: Admin | Күні: 27.12.2022 | Пікірлер (2)

Тәуелсіздік - кез келген мемлекеттің басты байлығы. Еліміздің  Тәуелсіздік күні - Қазақстан Республикасының басты мемлекеттік мерекесі. Бұл күн Қазақстанда жыл сайын 16 желтоқсанда аталып өтеді. «Қазақстанның Тәуелсіздік күнін» өткізу күні кездейсоқ таңдалған жоқ. Қазақстан үшін 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы халықтың егемендікке, өзін-өзі билеуге ұмтылуының бастауы болды, сонымен бірге 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Жоғарғы Кеңесі Республиканың тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдады. Қазақ жері кең, шексіз. Аумағы жөнінен дүние жүзінде тоғызыншы орында және ақынның тілімен айтқанда, «бес Франция немесе тоқсан тоғыз Бельгия сыйдырады». Бұл өлке - ата-бабаларымыздың бізге қалдырған баға жетпес мұрасы.&n ... Әрі қарай оқу »

Санат: Тарих | Қараулар саны: 599 | Қосқан: Admin | Күні: 14.12.2022 | Пікірлер (1)

Өткенде чатта мектеп жанынан музей ашу туралы ойымды айтқан едім. Енді сәл толықтыра кетейін. Музей дегенің мәдениеттің үлкен бір бөлігі. Музей өткенді, ауылдың тарихын, өз тамырымызды ұмытуға мүмкіндік бермейтіні және жастарымызды өткенмен  таныстыруға жол ашатыны анық. Ауылымыздың  мәдениеті, өмірі туралы түсінік береді, еліміздің тарихын көрсетеді. Музейге не қоямыз деген сұрақ туындайды. Не қоямыз? Талай үйлерде өткен кезден қалған ескі заттар бар, түрлі әшекейлер бар. Мысалы кейбір үйлерде кезінде Бәри ақсақалдың жұбайы (есімін ұмытып отырмын) соққан күміс жүзіктер мен білезіктер табылады, неге соларды қоймасқа? Өткенде барлықтарыңыз көрген 87 жыл болған бесікті неге қоймасқа? Болады. Ал егер иелері бергісі келмесе, онда соның түрлі-түсті суретін м ... Әрі қарай оқу »

Қараулар саны: 809 | Қосқан: Moder | Күні: 28.10.2022 | Пікірлер (2)

Шежіре – ұлтымыздың алтын діңгегі Шежіре дегеніміз не? Бұл сұрақтың жауабының алдында мен өзімді аздап таныстырып өткенді жөн көріп отырмын. Мен Бекжігітов Темірбай Сіләм-ұлы 1965 жылдан бері осы Омбы облысының тұрғынымын. Жас кезімізде үлкендермен амандасқанда танымаса бірінші сұрақ қай жердікісің, әкең кім, руың қандай деп сұрақтың астына алатын. Сондықтан туған жерім Қарағанды қаласы, өскен жерім Павлодар облысы, өнген жерім Омбы облысы, руым Қыпшақ. Омбы қаласында педагогикалық институт бітіріп, Тавричан ауданында 40 жыл мұғалімдік жұмыс атқарып зейнетке шықтым. Жас кәрілікке жақындап қалғансын бір ой келді. Осы Ресей жұмыс ардагері атағынан басқа ұрпақтарға не қалдырасың дегендей. Жастармен көп араласқасын ба, осы біздің қ ... Әрі қарай оқу »

Санат: Тарих | Қараулар саны: 610 | Қосқан: Temirbay | Күні: 27.10.2022 | Пікірлер (1)

Біраз уақыт бұрын Амангелді ауылының чатында Елеш Таскенұлы өте дұрыс бір ұсынысты ортаға салды. Ол ұсынысы – ауылымызда мешіт салу. Өте керемет идея, қазіргі тілмен айтқанда фишка, яғни өте өзекті, дұрыс және кез келген мұсылман баласына қажет ғимарат. Елеш бауырымызға осындай бір жақсы ұсынысы үшін өз басым ризамын. Екіншіден чаттағы жүзден аса жерлестеріміздің ешқайсы қарсы шықпағанына да ризамын. Барлық жерлестер  мешіттің  ауылымызға, барлықтарымызға не екенін түсініп отыр ғой. Алла Тағаланың  алдында қадірімізді арттыратын мешіт ғимараттарын салу және оның қатарын арттыру сауапты іс екені хақ. Мешіт – мұсылман жамағатының  Жаратушы иемізге кіршіксіз құлшылық жасап, шын мәнінде тәубеге келетін, жабырқаған жандарға жұбаныш табат ... Әрі қарай оқу »

Санат: Мәдениет | Қараулар саны: 548 | Қосқан: Admin | Күні: 26.10.2022 | Пікірлер (1)

Құрметті жерлестер, достар, сайтымыздың қонақтары, көп жылдардан кейін қайтып келген мерекеміз, еліміздің әр азаматы үшін айтулы күн -  25-ші қазан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Қадірлі достар, шыққан ыстық ықыласымызды қабыл алыңыздар. Бұл күн ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған армандарының жүзеге асқан күні, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларың сәтті болсын!Барлықтарыңызға зор  денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақыт, мол табыс, зор жетістіктерді тілейміз.

... Әрі қарай оқу »

Санат: Тарих | Қараулар саны: 401 | Қосқан: Admin | Күні: 22.10.2022 | Пікірлер (0)

Амангелді ауылы Ресеймен шекараға жақын жерде орналасқанын білеміз. Кезінде шекара болмай араласып жатқан ел. Ал егер 17-18 ғасырларды алсақ, қазіргі Омбы облысының жерінде қазақтар көшіп жүргендігі туралы орыс зерттеушілері көп жазады. Яғни бүгінгі күннің өзінде Омбы облысында қазақша атаулардың болғаны ол  сол кезден қалған сөздер деп білген жөн. Қазірдің өзінде біз білетін қазақша атаулар аз емес, мысалы: Қоңыр, Аяқшілік, Жөншілік, Тамшілік, Байгел, Самырза, Алабота, Миян, Жарағаш, Қаратерек, Егеағаш, Алқұл, Қараөзек, Сарыбай, Суқамыш, Бесқұдық, Сұлукөл, Жаңатаң, Қызылтаң, Қараман, Тотыбай, Байғұтты, Боян-Көбен, Алпысбай, Шымылдық, Жаңы Құлан, Боран, Сатыбай, Рақылжан, Талапкер, Артын ағай, Тырналы. Осы қысқа мақалада тек Русская Поляна мен Нововаршавка ... Әрі қарай оқу »

Санат: Тарих | Қараулар саны: 472 | Қосқан: Admin | Күні: 10.10.2022 | Пікірлер (7)

5 июня в селе Амангельды прошло открытие спортивной площадки для мини-футбола. Для села это явилось ярким событием, потому что спортивная площадка с искусственным покрытием отвечает всем требованиям и стандартам. Сама процедура открытия спортивной площадки превратилась в большой праздник, в котором приняли участие  представители сел Северного и Майконыра, пограничники с местной заставы и местные спортсмены, а также на открытие специально приехала руководитель отдела образования Иртышского района  Дисюпова Лаура Амановна. Надо отметить, что молодежь села Амангельды очень активная, участвует во всех районных соревнованиях. Открытию сортивной площадки были рады не только школьники и молодежь, но и взрослые. Для такого торжественного случая сель ... Әрі қарай оқу »

Санат: Тіршілік | Қараулар саны: 509 | Қосқан: Admin | Күні: 05.06.2022 | Пікірлер (0)

Амангелді ауылының оқушылары маусым айының басында керемет бір күндерді өткізді, себебі  мектеп оқушылары 3 күндей ауылдан 500 километрден аса алыста жатқан Байынауылда болып қайтты. Оқушылардың көбі Байынаулды бірінші рет болыпты және қысқа мерзімде (2-3 күн) өңірдің барлық қызықты жерлерін тамашалып қайтыпты, бұл: Торайғыр көлі, сол жерде орналасқан С.Торайғыровтың кесенесі, Баянауыл ауылындағы геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик. Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының кадемигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик  ... Әрі қарай оқу »

Санат: Тәрбие | Қараулар саны: 541 | Қосқан: Admin | Күні: 04.06.2022 | Пікірлер (0)

« 1 2 3 4 5 ... 9 10 »