19:48
Республика күні құтты болсын!

Құрметті жерлестер, достар, сайтымыздың қонақтары, көп жылдардан кейін қайтып келген мерекеміз, еліміздің әр азаматы үшін айтулы күн -  25-ші қазан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Қадірлі достар, шыққан ыстық ықыласымызды қабыл алыңыздар. Бұл күн ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған армандарының жүзеге асқан күні, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларың сәтті болсын!Барлықтарыңызға зор  денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақыт, мол табыс, зор жетістіктерді тілейміз.

Дорогие земляки, друзья, гости нашего сайта, поздравляем всех с 25 октября Днем Республики. Желаем вам и вашим родным и близким крепкого здоровья, успехов во всех своих начинаниях и счастья.

1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.

Санат: Тарих | Қараулар: 399 | Қосқан: Admin
Пікірлер саны: 0
Пікірлерді тек тіркелген қолданушылар ғана қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]