• Амангелдіде тұрып жатқан, кетсе де ұмытпағандарға арналған Сайт для тех, кто жил в Амангельды, живет, помнит о нем.
 


Жақында Амангелді ауылында мектеп ғимаратының  көптен күткен күрделі жөндеу жұмыстары басталыпты. Қуаныштымыз. Ендігі кезекте тек сапалы және уақтылы аяқталатын  жұмысты ғана күтеміз.Келесі ақпаратты аудан әкімінің сайтынан алдық. 2023  ж. 22 мамыр  аудандық мәслихат төрағасы Б. Шингисов   Аманкелді ауылына барып,  «Ауыл – ел бесігі» бағдарлама бойынша  мектепке күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.  Мердігерлік ұйым- «Градстройсервис» ЖШС. Жобаның құны – 430 млн. теңге.  Қазіргі таңда бірінші және үшінші  қабаттарда  пластик терезелер орнатылды. Екінші және үшінші қабаттарда  қабырғаларды  түзету жұмыстары жүргізілуде.  Электржүйелер орнатылды.  ... Әрі қарай оқу »

Санат: Басқа | Қараулар саны: 49 | Қосқан: Admin | Күні: 23.05.2023 | Пікірлер (0)

Ардақты ағайын! Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл –  күллі мұсылман қауымы үшін мән-маңызы айрықша мезгіл. Адамзатты рухани тазаруға және жан-жақты кемелденуге бастайтын осы айда төзімділік, жанашырлық, имандылық сияқты құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Ата-бабамыз Рамазанды «он екі айдың сұлтаны» деп ардақтаған. Ораза ұстаған жамағатқа ауызашар беріп, бір-біріне ерекше құрмет көрсеткен.  Салт-дәстүрімізбен сабақтас асыл дініміз ғасырлар бойы Ұлы далада елдің бірлігін және қоғамның тыныштығын сақтау жолында маңызды рөл атқарып келеді.  Мейірімділік айында халқымыз игі істерін еселеп, сауапқа кенеле берсін!Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Ораза қабыл болсын! ... Әрі қарай оқу »

Санат: Мәдениет | Қараулар саны: 253 | Қосқан: Admin | Күні: 23.03.2023 | Пікірлер (0)

Ардақты ағайын!Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әз-Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің бастауы. Жылдың бұл мезгілі – күн мен түн теңеліп, жер жүзі қайта түлейтін шақ. Сондықтан ата-бабамыз ежелден шуақты көктем мерекесіне айрықша мән берген, оны Ұлыстың ұлы күні деп ұлықтаған. Қоғамдағы татулық пен келісім дәстүрлері ұлтымыздың салт-санасы мен әдет-ғұрпы түгел тоғысқан осы мейрамның сипатына сай келеді. Наурыз бүгінде нағыз халықтық мерекеге айналды. Бұл күндері мейірімділік, жанашырлық, жасампаздық сияқты қасиеттер ерекше дәріптеледі. Соның арқасында еліміз бірлігін бекемдеп, тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Халқымыз әрдайым Наурыз мейрамын жақсылықтың жаршысына балаған. Қазақстан дамудың жаңа дәуіріне қадам ба ... Әрі қарай оқу »

Санат: Мәдениет | Қараулар саны: 129 | Қосқан: Admin | Күні: 22.03.2023 | Пікірлер (0)

Құрметті жерлестер, осыдан біраз уақыт бұрын ауылымыздың тарихына, тыныс-тіршілігі мен қуанышқа толы өткен күндеріне арнап естелік кітап жазайық деген ұсынысты  басым көпшілігі қолдаған сияқты. Олай болса жұмысымызды бастайық. Әр қарай орыс тілінде жазайын, себебі бұл шараға Ресей, Германия тағы басқа елдерде тұрып жатқан жерлестеріміз оқып, қатыса алулары үшін. Дорогие земляки, некоторое время назад было предложение о том, чтобы всем вместе написать книгу об истории нашего села, жизни, людях, которые жили и живут сейчас. Большинство поддержали, какая-то часть промолчала.Что касается материалов, то кое-что уже собрано, кое-какие воспоминания загружены на наш сайт ... Әрі қарай оқу »

Санат: Мәдениет | Қараулар саны: 731 | Қосқан: Admin | Күні: 15.02.2023 | Пікірлер (0)

Құрметті жерлестер, сайтымыздың қонақтары, баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Өткен жыл халқымызға жеңіл тиген жоқ: қаңтардағы оқиға қабырғамызды қайыстырды, экономикалық келеңсіздіктер мен тұрақсыздыққа қоса алыстағы Украинада соғыс басталды, Елінің тәуелсіздігі үшін украин халқының азаматтары жан  алып, жан берісіп жатыр, сол соғыстың ұшқыны бізге де келуі мүмкін екенін түсіндік, себебі көршіміздің, біздер «дос» санап жүрген кейбір саясаткерлері  Украинадан кейін Қазақстанның да кезегі келеді деп жыл бойы ашық айтып өтті. Елімізді Құдай сақтасын! Халқымызға соғысы көрсетпесін!Жамандықтың барлығы өткен жылмен кетсін!

... Әрі қарай оқу »

Санат: Мәдениет | Қараулар саны: 518 | Қосқан: Admin | Күні: 27.12.2022 | Пікірлер (2)

Тәуелсіздік - кез келген мемлекеттің басты байлығы. Еліміздің  Тәуелсіздік күні - Қазақстан Республикасының басты мемлекеттік мерекесі. Бұл күн Қазақстанда жыл сайын 16 желтоқсанда аталып өтеді. «Қазақстанның Тәуелсіздік күнін» өткізу күні кездейсоқ таңдалған жоқ. Қазақстан үшін 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы халықтың егемендікке, өзін-өзі билеуге ұмтылуының бастауы болды, сонымен бірге 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Жоғарғы Кеңесі Республиканың тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдады. Қазақ жері кең, шексіз. Аумағы жөнінен дүние жүзінде тоғызыншы орында және ақынның тілімен айтқанда, «бес Франция немесе тоқсан тоғыз Бельгия сыйдырады». Бұл өлке - ата-бабаларымыздың бізге қалдырған баға жетпес мұрасы.&n ... Әрі қарай оқу »

Санат: Тарих | Қараулар саны: 455 | Қосқан: Admin | Күні: 14.12.2022 | Пікірлер (1)

1 2 3 ... 7 8 »