Қытайда қазақтар көп деп естіген  едік. Мына мақаланы фэйсбуктан алып жерлестеріміз оқып, білсін деп сайтымызға салып отырмыз. Бұл мақалада елді-мекендер саны, ал қазақтың саны көрсетілмеген, бірақ осыны көріп жобалауға болады. 2018 жылға дейін Қытайдағы қазақтың ресми жан саны 1 миллион 600 мыңнан асты деп болжанып келді. Ал енді сол жақтағы қазақтар тұратын елді-мекендердің санына келсек. Қытайда автономиялық құқыққа ие 1500 қазақ ауылы бар, автономия алған 3 аймақ, басқа аймақтардағы 4 автономиялы аудан, олардан тысқары жерлердегі автономия алған 14 ауылдық округтегі Қазақтардың пайызы басым тұратын 1497 шағын ауыл(қыстақ) бар екен. Бұл өте үлкен сан. Осы автономиялық құқыққа ие Қазақ ауылдарының санын көрсетейік. Ескерте кетейік, бұл санға кірмеген басқ ... Әрі қарай оқу »

Санат: Басқа | Қараулар саны: 140 | Қосқан: Admin | Күні: 28.03.2024 | Пікірлер (0)

Жақында Амангелді ауылында мектеп ғимаратының  көптен күткен күрделі жөндеу жұмыстары басталыпты. Қуаныштымыз. Ендігі кезекте тек сапалы және уақтылы аяқталатын  жұмысты ғана күтеміз.Келесі ақпаратты аудан әкімінің сайтынан алдық. 2023  ж. 22 мамыр  аудандық мәслихат төрағасы Б. Шингисов   Аманкелді ауылына барып,  «Ауыл – ел бесігі» бағдарлама бойынша  мектепке күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.  Мердігерлік ұйым- «Градстройсервис» ЖШС. Жобаның құны – 430 млн. теңге.  Қазіргі таңда бірінші және үшінші  қабаттарда  пластик терезелер орнатылды. Екінші және үшінші қабаттарда  қабырғаларды  түзету жұмыстары жүргізілуде.  Электржүйелер орнатылды.  ... Әрі қарай оқу »

Санат: Басқа | Қараулар саны: 274 | Қосқан: Admin | Күні: 23.05.2023 | Пікірлер (0)

Құрметті жерлестер, достар! Ертіс аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 13 ақпанда тағайындалған Аманкелді және Северный ауылдық округтері әкімінің сайлауына кандидаттарды ұсыну барысы туралы хабарлама бойынша 28 қаңтарда кандидаттарды ұсыну аяқталып, 13 ақпанда сайлау өтеді. Бүгінгі күні халқымыздың, ел тұрғындарының әкімдерден үміттері зор. Ауылымыз көркейсін, жаңадан сайланған әкім ауыл тұрғындарымен тіл табысып, халық игілігіне, ауылымыздың дамуына шаршамай еңбек етуін тілейміз. Ауылда тұрсын,  кезінде түрлі себептермен қоныс аударған жерлестеріміз барлығымыз ауылымыз үшін ішіміз ауырады, дамып, көркейгенін қалаймыз, сондықтан әкімдер сайлауына қатысып жатқан барлық кандидаттарға сәттілік тілейміз.

... Әрі қарай оқу »

Санат: Басқа | Қараулар саны: 625 | Қосқан: Moder | Күні: 03.02.2022 | Пікірлер (0)

Жағдай қандай болса да амангелділіктердің ауылдарының 65-жылдығына арналған кездесуі өтті, әрине кездесу офлайн емес, қазіргі кездегі жағдайға байланысты онлайн түрде аталып өтті. Біріншіден, осындай форматты ұсынған және ұйымдастырып өткізген Ж.Сердалина мен А.Тоқбергеновке үлкен рақмет! Екіншіден, осы виртуалды шараға арнайы қатысқан Қайыр Амангелдіұлына (Амангелді ауылы), Темірбай Сіләмұлына (Любомировка, Ресей), Қайрат Хафизұлына (Павлодар), Қажым Әубәкірұлына (Ефремовка) тағы басқаларына шексіз алғыс білдіреміз. Үшіншіден, арнайы уақыт бөліп, Zoom-бейнеконференциясына қатысқан барлық амангелділіктерге үлкен рақмет, әсіресе мектеп директоры Қуаныш Қайыржанұлына, себебі оқушылардың ҰБТ-ға дайындығына, уақыттың тығыздығына қарамастан қатысқаны үшін. Онлайн кездесуге жалпы саны 23 амангелділік қатысыпты. Қалай болса да Амангелді ауылының 65 жылдығы осыдан бұрын бек ... Әрі қарай оқу »

Санат: Басқа | Қараулар саны: 1465 | Қосқан: Moder | Күні: 27.06.2020 | Пікірлер (0)

Дорогие земляки, сайт нашего села функционирует с  2011 года. Он был создан на базе Ucoz как будущая электронная база данных информации о нашем селе, о его нынешних и бывших жителях. Ucoz – одна из бесплатных систем, таких как uKit, joomla, drupal, wordpress и  т.д. Еще раз повторим, что UCOZ – ЮКОЗ   - бесплатная система, но работу сайта все время тормозит и отвлекает реклама самого разного характера. Поэтому мы обращаемся с предложением выкупить  Тариф «Оптимальный», который на год вместе со стоимостью доменного имени (amangeldy.com) стоит около 100 долларов (42 тысячи тенге). Если выкупим этот тариф, то ВЕСЬ  ГОД  на сайте не будет никакой рекламы. Мне кажетс ... Әрі қарай оқу »

Санат: Басқа | Қараулар саны: 638 | Қосқан: Admin | Күні: 26.06.2020 | Пікірлер (0)

1 2 »