17:31
Кездесу өтті! Встреча состоялась!

Жағдай қандай болса да амангелділіктердің ауылдарының 65-жылдығына арналған кездесуі өтті, әрине кездесу офлайн емес, қазіргі кездегі жағдайға байланысты онлайн түрде аталып өтті. Біріншіден, осындай форматты ұсынған және ұйымдастырып өткізген Ж.Сердалина мен А.Тоқбергеновке үлкен рақмет! Екіншіден, осы виртуалды шараға арнайы қатысқан Қайыр Амангелдіұлына (Амангелді ауылы), Темірбай Сіләмұлына (Любомировка, Ресей), Қайрат Хафизұлына (Павлодар), Қажым Әубәкірұлына (Ефремовка) тағы басқаларына шексіз алғыс білдіреміз. Үшіншіден, арнайы уақыт бөліп, Zoom-бейнеконференциясына қатысқан барлық амангелділіктерге үлкен рақмет, әсіресе мектеп директоры Қуаныш Қайыржанұлына, себебі оқушылардың ҰБТ-ға дайындығына, уақыттың тығыздығына қарамастан қатысқаны үшін. Онлайн кездесуге жалпы саны 23 амангелділік қатысыпты. Қалай болса да Амангелді ауылының 65 жылдығы осыдан бұрын бекітілген мерзімінде аталып өтті. Және осындай форматта өз ауылының мерейтойын атап өткен елді-мекендердің бірегейі шығар Амангелді ауылы. Амангелді ауылының 65 жылдығы құтты болсын! Ауылымыз көркейсін! Жасай берсін!

Встреча состоялась!

Несмотря на все обстоятельства празднование 65-летия села Амангельды состоялось. Разумеется, встреча прошла не офлайн, а с учетом нынешней ситуации состоялась в онлайн режиме. Во-первых, огромная благодарность инициаторам и непосредственно организаторам проведения встречи в таком формате Ж. Сердалиной и А.Тукбергенову. Во-вторых, большое спасибо и старшему поколению амангельдинцев – Амангельдинову Каиру Амангельдиновичу (с.Амангельды), Бекжигитову Темирбаю Слямовичу (Любомировка, Россия), Текжанову Кайрату Хафизовичу (Павлодар), Сеитову Кажиму Аубакировичу (Ефремовка) и др., которые специально приняли участие в данном мероприятии. В-третьих, большое спасибо всем амангельдинцам, которые нашли время для участия в этой онлайн-встрече. Особая благодарность директору школы Карыбаеву Куанышу Каиржановичу, который принял участие несмотря на плотность графика и подготовке учащихся к выезду на ЕНТ. В общей сложности приняли участие 23 амангельдинца. В любом случае встреча в рамках празднования 65-летия села Амангельды состоялась в сроки, которые были определены заранее. И, пожалуй, празднование юбилея села Амангельды в таком формате – это не часто встречается, если не впервые. Всех поздравляем с 65-летием села Амангельды! Процветания ему и благополучия!

Санат: Басқа | Қараулар: 1453 | Қосқан: Moder
Пікірлер саны: 0
Пікірлерді тек тіркелген қолданушылар ғана қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]