Всего материалов в каталоге: 34
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 4 »

Ардақты әкем - асқар тауым, ақылшым момын еді. Кусаинов Алкен, шын аты Әлмухамед Сүлейменұлы, руы Құлатай Қыпшақтан тараған Байжігіт. 1918 жылы Ертіс ауданы Павлодар облысы Ақсу ауылында дүниеге келді.Балалық шағы осы ауылда өтті. Өмірінің соңына дейін осы ауылда тұрды. Әкеден ерте жетім қалса да, еңбектеніп өз қатарынан қалмай өсіп өнді. Ауылда  жұмыс бітпейтінін барлығымыз білеміз. Әкеміз ерте еңбек ете бастады, себебі күн көру мен бірге жетімдіктің дәмі ашшы екені анық. 1930 жылы Ақсу ауылының бастауыш мектебін бітіріп, сауатын ашты, әріп танып, жазу мен оқуды білді.

История | Просмотров: 199 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 20.05.2023 | Комментарии (0)

Сәуірбаев Мұхаметәлі 1931 жылы Омбы облысы Русская Поляна ауданы Қаратал ауылында дүниеге келген. Әскерге шақырылғанға дейін Смайылова Нұрбикемен отбасы құрған. Смайылова Нұрбике Ахмедияқызы 1932 жылы Көкшетау облысы Қызылту ауданы Херсон ауылында дүниеге келген. Жас отбасы 1963 жылға дейін Омбы облысы Русская Поляна селосында тұрған. Кейінірек Ертіс ауданы Амангелді совхозына көшіп келеді. Бұл жерде механизатор-тракторист болып жұмысқа орналасады. Сәуірбаевтар 3 бала тәрбиелеп өсірді. Сәуірбаев Мұхаметәлі өте мейірімді, әділетті, әр адамға қол үшін беруге дайын адам болды. Еңбек жолында өте адал, жауаптыболғаны үшін бірнеше рет мақтау грамоталарымен марапатталды.

История | Просмотров: 149 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 25.03.2023 | Комментарии (0)

Мусапиров Қайкен ақсақал 1922 жылы 1 мамырда Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Жаңатаң колхозында, қазіргі Амангелді ауылының кезіндегі Ақсу бөлімшесінде дүниеге келген. Бір жасқа толмай әкесінен айрылып, он жасында анасынан жетім қалып, Қайкен ақсақал Ертіс ауданындағы балалар үйінде тәрбиеленіп, 7 жылдық мектепті тәмамды. 1942 жылы Ертіс аудандық әскери комиссариятына шақырылып, қызыл әскер қатарына қосылды. Сол жылдың 16 маусымында әскери антын қабылдап,Қиыр-шығыс шекарасында әскери қызметін атқарып, жеңісті сонда қарсы алды.1945 жылы Жапонияға қарсы соғысқа қатысты. 1945-1948 жылдары Қиыр-шығыс Тынық мұхиттық округі, Подгорный заставасында сержант шенінде жауынгерлік қызметін атқарды.

История | Просмотров: 184 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 25.03.2023 | Комментарии (0)

Бейсембаев Айткеннің (Айтмұхаммед) ата-тек əулеті Ертіс өңіріндегі Омбының Сағал бөлімшесіндегі қыпшақтардан бастау алады. Бұл əулет Омбы облысы аумағына ХІ ғасырдан қоныс аударған. Іргесі XVI ғасырдың басындағы «Сағал зираты» атты əулеттік қорымдардың бірі Бозан ауылының маңайында орналасқан. Бұл əулеттің атақты да қайталанбас тұлғаларының бірі XVIIІ ғасырдағы қазақ- жоңғар соғысында танылған Түгел батыр. Батырдың ұрпақтары бүгінгі күндерге дейін Ресей мен Қазақстанның Омбы жəне Павлодар облыстары аумақтарында өмір сүреді. 1875 жылға дейін сағал-қыпшақтар Cағал-қыпшақ болысына қарасты болған. 

История | Просмотров: 195 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 24.03.2023 | Комментарии (0)

Атамыз Амангелді Мырзалыұлы 1916 жылы Павлодар обылысы, Ертіс ауданы, Қарақұдық ауылында қолөнер шебері, ұстаның отбасында дүниеге келген. Руы – құлатай қыпшақ, оның ішінде байжігіт. Атамыз балалардың үлкені, одан кейін інісі мен қарындасы бар еді. Балалық және жасөспірімдік шақтары туған өлкелерінде өтті. Ол кезде Қарақұдық ауылы үлкен ауыл болды, өзінің ауыл басшылығы, мектебі, дүкені бар. 40 жылдары Амангелді колхозының орталығы болды.7 жылдық мектебі болғандықтан маңайындағы ауылдардың мектеп жасындағы балалары Қарақұдыққа келіп оқитын. 

История | Просмотров: 208 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 12.03.2023 | Комментарии (0)

В летописи каждой страны есть события, по масштабу имеющие глобальный, а по историческим параметрам эпохальный  характер. Для Казахстана и других независимых государств бывшего Союза таким событием стало освоение целины. Только за год с марта 1954 по март 1955 года в Казахстане было организовано 337 совхозов, одним из таких совхозов был и совхоз Амангельды, созданный в Иртышском районе Павлодарской области. На освоение целинных земель приехало много людей из разных регионов, тогда большой и дружной страны, - СССР.

История | Просмотров: 167 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 27.02.2023 | Комментарии (0)

Менің әкем Ахметов Зәйкен құжат бойынша 3.05.1927 жылы туған. Амангелді ауылының жанында 3 км. Қашықтықта орналасқан кішкентай Қарақұдық атты ауылда дүниеге келген.Аталған ауылдың 7 жылдық мектебін бітірген, ұстазы Балтабаев Жауда ақсақал болған. Әкем есепке өте жүйрік болған, сыныптағы қыздардың есептерін шығарып береді екен. Мен бастауыш сыныпта оқығанда маған да көмек қолын созатын. Ұлы Отан соғысы басталғанда небәрі 14 жаста болатын. Соғысқа қатысқан жоқ, бірақ жеңіске өз үлесін қосқан. Жолдасы Бейсекеев Базарбай екеуін Теміртау қаласына заводқа жұмысқа жіберген.

История | Просмотров: 212 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 27.02.2023 | Комментарии (0)

Жүрсінов Құндақпай Қажмұхамбетұлы 1930 жылы Павлодар облысы Ертіс ауданы Қарақұдық (Амангелді) аулында дүниеге келген.Балалық шағы ауыр, аштық заманда өткен.Ұлы Отан соғысы басталғанда 11 жасында ғана болған, сонда да үлкендермен бірге ауыл шаруашылығында шамасы келгенше аянбай еңбек еткен.Еңбек жолын тың жерлерін игерудің 1954-жылдары тракторшы қызметінен бастаған. Ауыл басшылары Қ.Жүрсіновті көтермелеп, үздік механизатор атанып, сыйлықтар мен грамоталармен марапаттаған. Талай рет өтпелі вымпел берілген.Кейін  шопан қызметіне ауысты. Жүрсінов Құндақпай бала кезінен шопанның жолын ғана емес, мал бағудың кейбір қыр-сырын жақсы білетін. Ал өзі де еңбекқор, жұмысқа адал адам еді.

История | Просмотров: 262 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 27.02.2023 | Комментарии (0)

Асқар тау әкеміз, ардақты атамыз Аманжолов Шарықпай 1912 жылы Павлодар облысы Ертіс ауданы Шолақсай ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Руы – құлатай қыпшақ. Әкеміз тым ерте жетім қалған. Өзін және кіші қарындасын асырау үшін бала кезінен бастап жұмыс істеген және өмірінің соңына дейін тынымсыз еңбек еткен. Адал, жауапкершілігі мол, еңбекқор жан еді. Сол кездегі көптеген адамдар сияқты, әкеміз өмірдің талай талқысын көрген, ауыртпалықтың сан түрін басынан кешкен. Ешқашан ешкімге салмақ салмай, көргенін төзімділікпен көтеріп, табандылықпен өмір сүрді және адами қасиеттерін жоғалтпады. 

История | Просмотров: 299 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 25.02.2023 | Комментарии (0)

Семья Баяхметовых переехала в совхоз Амангельды в 1971 году. В  семье старшим из детей был мой отец Бекмырза, больше его знали как Боря-киномеханик, так как  «крутил» кино в совхозном клубе, заведующим которого и являлся.  Кроме основной работы в клубе он ежедневно «сидел» за рацией в  коммутаторской (АТС), а во время осенних зерно-уборочных работ в совхозе, даже не было времени приходить домой поесть. Помню,  мы с братишкой (мне тогда было 7 лет, Адлету - 5 лет) носили вечерами ужин ему в коммутаторскую, и пока он ужинал, мы слушали и изучали рацию. Нам это было очень интересно, и поэтому нам всегда хотелось еще и еще пойти к нему на работу.

История | Просмотров: 298 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 21.02.2023 | Комментарии (0)