18:42
Жерлестеріміздің марапаты құтты болсын!

Бүгін аудандық мәдениет үйінде ауылшаруашылық қызметкерлері күніне арналған «Ауылым - алтын бесігім» атты мерекелік іс-шара өткізілді.Фойеде ауданымыздың өндірушілері дайындаған нан өнімдерінің кеңейтілген, түрлі-түсті жәрмеңкесі жайылған. Ауылдың барлық жұмысшыларына сарқылмас қуат, мол өнім, әр үйге амандық тілеймін! Сегодня в Районном Доме культуры прошло праздничное мероприятие «Ауылым - алтын бесігім», посвященное дню работников сельского хозяйства. В фойе была развернута расширенная, красочная ярмарка хлебной продукции подготовленная производителями нашего района. Желаю всем труженникам села неиссякаемой энергии, доброго урожая, каждому дому благополучия!

Ақпарат Ертіс ауданының әкімі Б.Шәріповтың Инстаграмдағы парақшасынан алынды
Информация взята со страницы акима Иртышского района Б.Шарипова в Инстаграм
https://www.instagram.com/p/C0Bs3lTI8m7/

Қазіргі кезде ауылшаруашылығы саласында жұмыс істеу жеңіл емес, күнге күйіп, шаңның, жауын-шашынның ортасында далада жұмыс істеу ауыр, бірақ еліміздің еңсесін көтеріп отырған осылар. Марапатталғандардың арасында Амангелді ауылының да тұрғындары бар екен.

Марапатталғандардың төртеуі де көп жылдар осы  салада жұмыс істеп жүрген азаматтар, бұл:
Среди награжденных были и четверо наших земляков:

Жүрсінов Дүйсенбай Теміртасұлы

Бахтияров Мерген Таскенұлы

Жүрсінов Бейсен Құндақбайұлы

Балтағұлов Марат Қайыржанұлы  (белгілі бір себептермен шараға қатыса алмай қалыпты)

 

Осы жігіттердің  тынымсыз еңбектерінің арқасында бүгінде ауданымыздың аграрлық секторы қарқынды дамып келеді. 

Жарайсыңдар, жерлестер! Әрдайым амандықта болыңдар!

 

Анықтама ретінде:ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша соңғы 2023 жылдың 10 айында Қазақстандағы сиыр саны – 9 млн., қой-ешкі – 23 млн., жылқы – 4 млн., түйе – 277 мың, құс саны – 54 млн. болған.

Қараулар: 880 | Қосқан: Admin
Пікірлер саны: 1
0  
1 syeleussizov   (25.11.2023 13:12) [Материал]
Құтты болсын!!! Жәрайсындар жігіттер!!!

Пікірлерді тек тіркелген қолданушылар ғана қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]