07:26
Жаңа жыл құтты болсын, құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер, сайтымыздың қонақтары, баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Өткен жыл халқымызға жеңіл тиген жоқ: қаңтардағы оқиға қабырғамызды қайыстырды, экономикалық келеңсіздіктер мен тұрақсыздыққа қоса алыстағы Украинада соғыс басталды, Елінің тәуелсіздігі үшін украин халқының азаматтары жан  алып, жан берісіп жатыр, сол соғыстың ұшқыны бізге де келуі мүмкін екенін түсіндік, себебі көршіміздің, біздер «дос» санап жүрген кейбір саясаткерлері  Украинадан кейін Қазақстанның да кезегі келеді деп жыл бойы ашық айтып өтті. Елімізді Құдай сақтасын! Халқымызға соғысы көрсетпесін!Жамандықтың барлығы өткен жылмен кетсін!

Қымбатты амангелділіктер, келіп жеткен  2023 жылда жаңа арман-мақсаттарыңыз орындалып, жаңа күш-қуатпен, жаңа серпінмен алға қарай бет алып, жаңа белестерге жете беріңіздер! Қиындықтарға мойымай алға қарай ұмтылыңыздар! Алдағы қоян жылы – жаңа жетістіктер  мен  жеңістердің жылы болғай! Жаңа жыл барлықтарыңыздың өмірлеріңізге көптеген оң өзгерістер әкелсін! Еліміз тыныш, халқымыз аман, бауырымыз бүтін болсын, қадірлі жерлестер! «Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» дейді дана халқымыз, олай болса келер күннен үмітімізді үзбейік!

 

 

Келе жатқан Жаңа 2022 жыл құтты болсын! 

 

 

 

 

Санат: Мәдениет | Қараулар: 728 | Қосқан: Admin
Пікірлер саны: 2
0  
2 Aza   (30.01.2023 21:28) [Материал]
пусть 2023 год принес(т всем только мир и добро.

0  
1 syeleussizov   (27.12.2022 08:06) [Материал]
Әмин.Еліміз, жұртымыз аман болсын!!!

Пікірлерді тек тіркелген қолданушылар ғана қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]