Тәуелсіздік - кез келген мемлекеттің басты байлығы. Еліміздің  Тәуелсіздік күні - Қазақстан Республикасының басты мемлекеттік мерекесі. Бұл күн Қазақстанда жыл сайын 16 желтоқсанда аталып өтеді. «Қазақстанның Тәуелсіздік күнін» өткізу күні кездейсоқ таңдалған жоқ. Қазақстан үшін 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы халықтың егемендікке, өзін-өзі билеуге ұмтылуының бастауы болды, сонымен бірге 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Жоғарғы Кеңесі Республиканың тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдады. Қазақ жері кең, шексіз. Аумағы жөнінен дүние жүзінде тоғызыншы орында және ақынның тілімен айтқанда, «бес Франция немесе тоқсан тоғыз Бельгия сыйдырады». Бұл өлке - ата-бабаларымыздың бізге қалдырған баға жетпес мұрасы.&n ... Әрі қарай оқу »

Санат: Тарих | Қараулар саны: 599 | Қосқан: Admin | Күні: 14.12.2022 | Пікірлер (1)