15:03
65-жылдық мерейтой. 65-летний юбилей

Биылғы жыл амангелділіктерге ерекше жыл екенін барлығы біледі. Жылдың басынан Амангелді ауылы құрылуының 65-жылдығы жиі айтылып келді. Кезінде түрлі себептермен туған ауылынан басқа елді-мекендерге қоныс аударған жерлестердің осы мерейтойды атап өтуге дайындалғаны да баршаға мәлім. Өкінішке орай елімізге жайпап кірге жаман індет (COVID-19), талайлардың жоспарларын өзгертті, соның ішінде Амангелді ауылының 65-жылдығына арналған үлкен мерекелі жиынның өткізілу мерзімі шегерілді. Алайда жерлестер не болса да атап өтуге тырысты. Қаңтар айында ватсапта арнайы чат ашылды, аудандық, облыстық архивтерге сұратулар жасалды, жыл басынан ауылымыз туралы түрлі мәліметтер жиналды, amangeldy.com сайтында Амангелдіге байланысты әңгімелер жарияланды, сайтқа ауылымыздың тарихына тікелей байланысы бар мыңға жуық фотосуреттер қойылды.Шілде айында Zoom арқылы онлайн-кездесу ұйымдастырылып, өткізілді. Ал енді міне, жерлестер үлкен кездесу болмаса да, 65 жылдық еленбей қалмасын деген мақсатпен Амангелді ауылының мектебі (компьютер) мен мәдениет үйіне (сабвуфер) арнайы сыйлықтарды барып тапсырды. Бұл жауапты міндетті абыроймен атқарған, сыйлықтарды жеткізіп тапсырған Бақтияров Елеш пен Есмағамбетов Анарбек. Жігіттерге жерлестер атынан алғыс.

Өткізілген шаралар мен сыйлықтар көшіп кеткен жерлестер мен ауыл арасындағы байланыстың тығыз екенін, ата-бабалары мекен еткен туған жерлері ұмытылмағанының көрінісі. Әрине осындай қарым-қатынас әрі қарай да жалғасын табатыны анық. Еліміз тыныш, халқымыз аман, бауырымыз бүтін болсын, жерлестер!

 

65-летний юбилей

О том, что этот год для всех амангельдинцев особенный, знают все. С начала года часто говорили о 65-летии создания села Амангельды. Всем известно, что земляки, которые по разным причинам в свое время разъехались по городам и весям страны, планировали отметить эту знаменательную дату. К сожалению, пандемия, которая ворвалась в нашу страну и в наши жизни, изменила все планы, и в том числе планы амангельдинцев по празднованию юбилея села оказались сдвинуты на поздний срок. Однако земляки решили в любом случае отметить такое событие. В январе начал функционировать чат, были сделаны запросы в районный и областные архивы, были собраны самые разные материалы, касающиеся села, на сайте  amangeldy.com были опубликованы рассказы о селе, кроме того на сайте были опубликованы более 1000 фотографий жителей села самых разных лет. 27 июля  через Интернет была организована Zoom-конференция по празднованию 65-летия родного села. И вот теперь земляки, чтобы эта знаменательная дата не осталась без внимания, сделали подарок родной школе (компьютер)  и сельскому дому культуры (сабвуфер). Эту почетную миссию выполнили Бахтияров Елеш и Есмагамбетов Анарбек. Большое им спасибо!

Желание отметить 65-летие образования села, проведенные  мероприятия и подарки еще раз показали, что связь между уехавшими земляками и родным селом не прервалась. И, разумеется, такая плодотворная связь будет продолжаться. Желаем родному селу мира, добра и процветания!

Санат: Тарих | Қараулар: 1005 | Қосқан: Admin
Пікірлер саны: 0
Пікірлерді тек тіркелген қолданушылар ғана қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]