Бұл Павлодар облысы Ертіс ауданындағы Амангелді ауылының сайты. Кезінде сол ауылда туып, өсіп, тұрған және сосын түрлі себептермен көшіп кеткен, қазір де тұрып жатқан ауыл тұрғындарының сайты болып есептеледі. Шартарапқа шашырап кеткендіктен күнделікті қарым-қатынас құра алмағандықтан виртуалды әлемдегі осы сайт арқылы кездесіп, суреттер мен естеліктер арқылы араласа алады. Бұл үшін сайтымызда толық жағдай жасалған. Сайтымыз аралас қазақ/орыс тілдерінде. Это сайт села Амангельды Иртышского района Павлодарской области для бывших и нынешних амангельдинцев. Не имея возможности встретиться в повседневной жизни, можно в виртуальном пространстве иметь место, где можно собраться самим, собрать нашу память в виде фотографий, воспоминаний. Для этого на сайте есть все условия. Публикации на сайте будут на казахском и русском языках
Қадірлі жерлестер мен сайтымыздың қонақтары! Сіздерді 25 қазан — Қазақстан Республикасының Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке – халқымыздың тәуелсіздікке деген асқақ рухы мен ел тағдырындағы тарихи бетбұрысты бейнелейтін ең қастерлі күндердің бірі. Осы күні біз өткенге тағзым етіп, болашаққа сеніммен қараймыз, өйткені әрбір жетістігіміздің бастауы – сол ерлікке толы, елдікке бастар шешімде жатыр. Бүгінгі бейбіт өміріміз, кемел келешекке ұмтылған азат еліміздің еңселі жетістіктері – тәуелсіздіктің ақ таңы атқан сол кү
... Әрі қарай оқу »
1 қыркүйек – баршаға қуаныш сыйлайтын Білім күні! Бұл күн – жаңа оқу жылының басталуымен ерекшеленіп қана қоймай, ұрпақтың болашағына бағыт-бағдар беретін, жас ұланға қанат бітіретін мерейлі сәт. Осы күні мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін жаңа өмірдің, жаңа арман мен үміттің есігі ашылады. Ал білім жолында жүрген жас өрендер үшін бұл – алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруға тағы бір мүмкіндік. Ұстаздар үшін – шәкірт тәрбиелеу мен
... Әрі қарай оқу »
Биыл Қазақстан халқы ел тарихындағы аса маңызды белестің бірі – Конституциямыздың қабылданғанына 30 жыл толуын атап өтуде. 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Ата Заңымыз еліміздің егемендігін нығайтып, мемлекетіміздің саяси-құқықтық жүйесін қалыптастырған басты құжат болды.Конституция – Қазақстан халқының ортақ мүддесін айқындаған, бірлігіміздің берік іргетасына айналған тарихи шешім. Онда әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықта
... Әрі қарай оқу »
Елдік рухты асқақтатқан ұлы мереке. Жақында бүкіл Қазақстан көлемінде, сондай-ақ шетелдегі мәдени орталықтарда қазақтың кемеңгер ақыны, ойшыл философы, ұлттық руханияттың темірқазығына айналған Ұлы Абайдың туғанына 180 жыл толуына арналған мерекелік шаралар өтті. Бұл – бар қазақтың ғана емес, күллі адамзаттың ортақ құндылығына айналған тұлғаның мерейтойы. Халықтық мереке – ел бірлігінің айғағы. Абай мерейтойы Қазақстанның әр өңірінде кең көлемде аталып ө
... Әрі қарай оқу »
«Наличие собственного web-ресурса для нашего села — это просто находка! Это отличная возможность собрать всю информацию о наших селе, о жителях, о событиях и известных земляках в одном месте. Статьи, воспоминания, фотографии — все это помогает нам поддерживать связь и делиться воспоминаниями. Такой сайт также может стать живым архивом, который будет интересен не только нам, но и будущим поколениям амангельдинцев».
Александр Семенов
Ауылдың кезіндегі тұрғыны
«Для меня наличие платформы для общения и обмена информацией с нынешними и бывшими земляками — это не просто полезно, а необходимо. Этот сайт позволит не только поддерживать контакты с друзьями, но и узнать больше о тех, кто когда-то был частью нашего села. Материалы о выдающихся земляках, о наших преподавателях вдохновляют, а галерея фотографий позволяет погрузиться в атмосферу тех лет, когда мы жили и учились в нашем родном селе»
Наталья Хамидулина
Ауылдың кезіндегі тұрғыны
Мұндай сайттың болуы, сөзсіз, ыңғайлы әрі қызықты. Өйткені платформада ауылымыз туралы жаңалықтарды ғана емес, оған қатысты маңызды оқиғаларды да жариялауға болады. Жерлестер жайлы мәтіндік және бейнематериалдар – олардың немен айналысатынын, несімен мақтанатынын және бір кезде ауылдан кеткендердің тағдырлары қалай қалыптасқанын білуге тамаша мүмкіндік. Бұл өзара жерлестік байланыстарымызды нығайтып, жаңалықтардан хабардар болып отыруға жағдай жасайды.
Әсем
Ауылдың кезіндегі тұрғыны
Туған ауылдың веб-ресурсы – тек архивтік құндылық қана емес, барлығымызға пайдалы бола алатын тірі қауымдастық. Бейнематериалдар бөлімі болғаны өте ыңғайлы, онда ауылдың келбеті мен адамдардың қалай өзгергенін көріп, жерлестеріміздің жетістікке жету тарихтарын естуге болады. Сондай-ақ ХХ ғасырдың 40-жылдарынан бастап жерлестердің бейнелері сақталған фотосуреттерге қол жеткізу де аса маңызды. Бұл ауылымыздың бірлігін сезінуге және дәстүрлердің жалғастығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Айгүл
Ауылдың кезіндегі тұрғыны
МҮМКІНДІКТЕР - ВОЗМОЖНОСТИ
Ауылымыз туралы ақпаратты оқу.
Біз ауылымыз бен жерлестеріміз туралы ең қызықты жаңалықтарды дер кезінде жариялауға, өткен оқиғалар жөнінде баяндап, алдағы іс-шаралар туралы алдын ала хабарлап отыруға тырысамыз. Мы стараемся своевременно публиковать наиболее интересные новости о нашем селе и земляках.
Суреттер мен видеоларды жүктеу.
Сіз жеке компьютер немесе ұялы телефон арқылы ескі не жаңа фотосуреттерді, сондай-ақ бейнематериалдарды жүктей аласыз. Вы можете через персональный компьютер или сотовый телефон загрузить старые или новые фотографии или же видеоматериалы.
Жаһандық маңызды оқиғалармен танысу.
Жергілікті жаңалықтармен қатар, біздің ресурс инновациялар мен заманауи технологиялар саласындағы маңызды әрі қызықты ақпараттарды да назарларыңызға ұсынады. Помимо новостей наш ресурс информирует об интересных новостях из мира инноваций и технологий.
Сайттың санағы - Статистика сайта
1228
Фотосуреттер
100
Мәтін
8
Видеоматериал
145
Тіркелгендер
Айтулы оқиғалар - Знаковые события
Амангелді – 70
2025 жылдың 28 маусымында Павлодар облысы Ертіс ауданына қарасты Амангелді ауылы өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтті. Бұл – еңбек ерліктері мен мәдени өрлеуге, тұтас ұрпақтардың тағдырымен астасқан тағылымды белес. 25 июня 2025 года село Амангельды Иртышского района Павлодарской области отметил 70-летний юбилей — значимую дату, наполненную трудовыми свершениями, культурным развитием и судьбами целых поколений.
Құрметті жерлестер, осыдан біраз уақыт бұрын ауылымыздың тарихына, тыныс-тіршілігі мен қуанышқа толы өткен күндеріне арнап естелік кітап жазайық деген ұсынысты басым көпшілігі қолдаған сияқты. Олай болса жұмысымызды бастайық.
Дорогие земляки, некоторое время назад было предложение о том, чтобы всем вместе написать книгу об истории нашего села, жизни, людях, которые жили и живут сейчас.
Сайтқа қалай тіркелу керек. Как пройти регистрацию на сайте?
«Тіркелу» батырмасы арқылы кіріп, міндетті жолдарды толтыру қажет. Аватарды сайттың өзі ұсынған нұсқалардан таңдауға немесе өз суретіңізді не өз аватарыңызды жүктеуге болады. Аяқтау кезінде кодты дұрыс енгізу қажет. Егер тіркелуден өте алмасаңыз, сайт әкімшілеріне жүгініңіз. Олар міндетті түрде көмектеседі. Надо войти через кнопку «Регистрация», заполнить обязательные поля. Аватар можно выбрать из того, что предложит сам сайт, а можно загрузить свою фотографию или же свой аватар. При завершении необходимо правильно вписать код. Если же не смогли пройти регистрацию, то обращайтесь к администраторам сайта. Они обязательно помогут.
Фотосуреттерді қалай жүктеуге болады? Как загрузить фотографии?
Өз логиніңізбен сайтқа кіргеннен кейін «Фотосурет қосу» батырмасын басыңыз. Одан кейін «Таңдау» батырмасын басып, қажетті суретті телефоннан немесе компьютерден таңдап, «Жүктеу» батырмасын басыңыз. Необходимо под своим логином войти на сайт, после нажать на «Добавить фотографию». Далее нажимаете «Выбрать» (с сотового или компьютера, после нажимаете «Загрузить».
Жүктемес бұрын суреттің санатын, яғни тиісті папкасын таңдау қажет. Суреттің түпнұсқасын сақтау ұсынылады, ал сутаңбаны қоймауға болады. Перед тем, как загрузить, нужно выбрать категорию, то есть нужную папку. Лучше сохранять оригинал изображения, водяной знак можно не ставить.
Фотосуретке міндетті түрде атау жазыңыз. Сондай-ақ қысқаша сипаттама беріңіз: суретте кім бейнеленген, қай жерде және қашан түсірілгені көрсетілсе, сурет одан әрі тартымды болады. Обязательно напишите название фотографии. И напишите краткое описание снимка: кто на фотографии, где и когда она была сделана. Это сделает снимок привлекательным.
Сайтқа бейнежазбаны қалай жүктеуге болады? Как загрузить на сайт видео?
«Бейне» бөліміне кіріп, «Бейне қосу» батырмасын басасыз. «Материал қосу» беті ашылады. Сол жерден «Сілтеме қосу», «Код қосу» немесе «Файл жүктеу» нұсқаларының бірін таңдайсыз. Ең оңайы – «Сілтеме қосу». YouTube-тен алынған сілтемені қойып, «Бейне қосу» батырмасын басасыз. Міндетті түрде бейнеге атау қойып, сипаттама жазып, санатын таңдауыңыз керек. Соңында төменгі жағындағы «Бейне қосу» батырмасын басасыз. Болды. Входите в раздел «Видео», нажимаете кнопку «Добавить видео», откроется «Добавление материала», выбираете «Добавить ссылку», «Добавить код» либо «Загрузить файл». Проще использовать «Добавить ссылку». Вставляете ссылку из youtube и нажимаете «Добавить видео». Необходимо написать название, дать описание видео и выбрать категорию. После нажимаете в нижней части «Добавить видео». Всё.
Форумда тақырыпты қалай ашуға болады? Как создать тему на форуме?
Ол үшін келесі қадамдарды орындаңыз: 1. «Форум» бөліміне кіріңіз. 2. Содан кейін «Модуль мүмкіндіктері» батырмасын басыңыз. 3. Егер жай ғана тақырып ашқыңыз келсе – «New topic» батырмасын, ал сауалнама жүргізгіңіз келсе – «New poll» батырмасын басыңыз. 4. Жаңа тақырып ашқанда тақырыптың атауын және сипаттамасын жазыңыз, кейін хабарлама мәтінін енгізіп, төменгі бөліктегі «Тақырып құру» батырмасын басыңыз. 5. Тақырыпты жарияламас бұрын алдын ала қарап шығуға, сондай-ақ хабарлама мен тақырыпқа қажетті параметрлерді таңдауға болады. Для этого выполните следующие шаги: 1. Войдите в раздел Форум. 2. После нажимаете на «Возможности модуля. 3. Если хотите открыть просто тему, то нажимаете «New topic», если хотите провести опрос, то нажимаете «New poll». 4. Если создаете новую тему, то напишите название и описание темы, после пишете текст сообщения и в нижней части нажимаете «Создать тему». 5. Перед созданием темы, можете просмотреть, можете подобрать нужные опции сообщения и темы
Егер сұрақтарыңыз болса не істеу керек? Что делать, если есть вопросы?
Егер сізде бірдеңе шықпай жатса, не болмаса сұрақтарыңыз болса немесе қызықты ұсыныстарыңыз болса, онда міндетті түрде сайттың «Пікірлер» бөлімінде жазыңыз немесе amanhabar@gmail.com поштасына хат жолдаңыз. Если у вас что-либо не получается. Если вы хотите о чем-то спросить или же есть интересные предложения. То обязательно напишите в разделе сайта «Отзывы» или на почту amanhabar@gmail.com