20:43
Жөндеу бақылауда. Ремонт под контролем.

15 маусымда Ертіс ауданының әкімі Амангелді ауылына жұмыс сапарымен келіп, жергілікті орта мектептің күрделі жөндеуі қалай өтіп жатқанын қарап кетіпті. Өте дұрыс. Осы жөндеу жұмыстарынан кейін Амангелді орта мектебінің іші мен сырты жаңадай болу керек, себебі бөлінген қаражаттың сомасы аз емес. Осыған қарағанда жөндеу жұмыстары сапалы және уақытында аяқталатын шығар. Аудан әкімі Болатбек Кәрімұлы Шәріпов инстаграмдағы жеке аккаунтында келесі жазба қалдырыпты:  «Амангелды ауылындағы мектептің жөндеу жұмыстарының барысын тексердім.Нысандағы жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. Мердігердің назарын жұмыстардың сапалы жүргізілуіне аудардым». Бәрекелді! Осындай көп қаражат бөлінген кезде бақылау өте қатаң болуы қажет екені анық, себебі сапалы нәтиже керек.

15 июня аким Иртышского района совершил рабочую поездку в с Амангельды, посетил местную среднюю  школу и посмотрел, как идет капитальный ремонт школы. Очень правильно. После  этого ремонта Амангельдинская средняя школа снаружи и внутри должна быть, как новая, потому что выделена немалая сумма. Из этого можно судить, что ремонтные работы будут качественные и завершатся вовремя. На своей странице в Инстаграме аким района Шарипов Болатбек Каримович оставил запись: «Проинспектировал ход ремонтных работ в Амангельдинской школе. Работы на объекте ведутся согласно графика. Заострил внимание подрядчика на качестве работ».Замечательно! При выделении на такие капитальные ремонты огромных сумм обязательно должен  быть самый строгий контроль, потому что важен качественный результат.

https://www.instagram.com/p/Ctf1eAlII0Z/

Фотографии взяты с аккаунта акима Иртышского района Павлодарской области -https://www.instagram.com/p/Ctf1eAlII0Z/

 

Санат: Шаруашылық | Қараулар: 383 | Қосқан: Admin
Пікірлер саны: 1
0  
1 Temirbay   (17.06.2023 20:38) [Материал]
Істерің сәтті, білектерің мықты болсын, жігіттер! Мектебіміз, ауылымыз көгере беруіне Алла Тағала нәсіп етсін!

Пікірлерді тек тіркелген қолданушылар ғана қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]