Қадірлі жерлестер, достар, сайтымыздың қонақтары, бүгінгі мереке ерекше, себебі кез келген мемлекеттің ең басты мерекесі болып есептеледі.16 желтоқсан - қазақ елінің әрбір азаматы үшін ең маңызды күн. Себебі осыдан отыз екі жыл бұрын дәл осы күні бүкіл әлем Қазақстан Республикасын тәуелсіз мемлекет ретінде таныды.Егемен еліміздің ең ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күні құтты болсын! Барлықтарыңызға ашық аспан, шат-шадыман көңіл тілейміз. Отанымыз, тәуелсіз Қазақ Елі, гүлденіп, көркейе берсін! Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің маңызы қашан да зор болмақ. Батыр бабаларымыздың қанымен, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарымен, аналарымыздың көз жасымен жеткен Тәуелсіздікті әрқашан қастерлей білуге тиіспіз. Бұл - біздің азаматтық парызымыз бен борышымыз. Көк байрағымыз лайым бейбіт аспан астында желбіреп тұрсын! Қазақ елінің ... Әрі қарай оқу »

Санат: Тарих | Қараулар саны: 647 | Қосқан: Admin | Күні: 16.12.2023 | Пікірлер (1)