09:46
Жаңа 2022 жыл құтты болсын!

Қымбатты жерлестер, сайтымыздың қонақтары, баршаңызды жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Өткен жылдың жақсылығы мен бірге ызғары да тиді, талай жерлестеріміз бұ  дүниемен қоштасып, мәңгілік сапарға аттанып та кетті... Аналарымыз, ағаларымыз, апа-қарындастарымыздың жаңдары пейіште шалқысын... Қалай болса да тіршілік өзінікіт жасатады, ескі жылдың қайғы-мұңын, өкпе-наздың барлығын артқа тастап, кіріп келе жатқан Жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен, таза, тың ойлармен қарсы алу керек. Ауылымызға тек жақсылық тілейік. Өткен жылы операторлар келіп, ұялы байланыс тұрақты істей бастады,  жаңадан құдық бұрғыланып, су шықты. Үйіне су тартқысы келгендер тартып алды. Жаңа жылда осындай жақсы жаңалықтар көп болсын: ауылымызға баратын жол жөнделсін, қиялымыз емес, бірақ жаңа үйлер де салынса екен... Тек жақсылық болады деп үмітттенейік! Және болсын!

Қадірменді жерлестер, жаңа жыл баршамыз үшін зор жетістіктерге қол жететін, ой-мақсаттар жүзеге асатын, арман-үміттер ақталатын жыл болсын. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, молшылық пен бақыт тілейміз.

Сайт админдері

Қараулар: 520 | Қосқан: Admin
Пікірлер саны: 0
Пікірлерді тек тіркелген қолданушылар ғана қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]