Қайыржан Кәрібаев
02.03.2020, 18:23

Қайыржан Кәрібайұлы 1938 жылдың 1 желтоқсанында  Ертіс ауданының "Жаңа таң" колхозында дүниеге келген. Өз кезінде атасы Райбек қажы өте ауқатты адам болған, оның иелігіндегі Сегіз пішен аумағы болған екен. Патша заманында  ауылнай (қазіргіше ауыл әкімі) міндетін атқарған. Ол өз уақытында қиыншылықтар мен күтіп тұрған қауіптерге қарамастан Меккеге қажылық жасады. Әкесі Райбеков Қарыбай соғыс жылдарында еңбек армиясына шақырылып, Кемерово қаласында шахтада жұмыс істеп, соғыстан кейін үйге оралды. Қайыржан Кәрібаев бастауыш мектепті «Жаңа тан» колхозында бітіріп, содан кейін оқуын әрі қарай жалғастару үшін Ресейдегі Самырза ауылына кетті. Мектепті бітіргеннен кейін ол "Жаңа таң" колхозында еңбек жолын бастады, кейін 50-ші жылдарда тың игеру барысында ашылған Амангелді атындағы совхоз ұйымдастырылып, сол жерде жұмыс істеуге көшті. Механизатор болды. Туған жерінде тың игерушілердің алдыңғы қатарында болды. Осыдан кейін 1964 жылдың мамыр айында Ертіс ауданының солтүстік АШМ №54 филиалын тракторшы-комбайнер мамандығы бойынша бітірді. Еңбек барысында трактордан автокөлікке  ауыстырды. Алғашқы көлігі ГАЗ-54 болды, онымен  ол көптеген жылдар бойы жұмыс істеді. 1970 жылдары ол ЗИЛ-130 машинасында жұмыс істейтін болды. Совхозға қажетті астық пен түрлі жүктерді тасымалдады. Адал еңбегі үшін аудандық, облыстық партия конференцияларының делегаты болып сайланды. Өйткені ол 1978 жылдың мамырынан бастап коммунистік партияның қатарына қабылданған еді.1975 жылы Қайыржан Кәрібайұлына «Ударник коммунистического труда» атағы берілді. Қайыржан Кәрібаев адал еңбегі үшін III дәрежелі Еңбек Даңқы орденімен марапатталды.

2001 жылы зейнет жасына жеткендіктен құрметті демалысқа шықты. Бос отыра алмай Қайыржан ағамыз  ауылда молла болмағандықтан жергілікті имамның міндетін атқарды. Кәрібаев Қайыржан әйелі Қинаятова Әркенмен бірге сегіз бала тәрбиелеп, барлығына білім берді. Ұлын ұяға, қызын қияға дегендей үлкен ұлы мен қызы Ресейде тұрады, қалған балалары Астана, Павлодар қалаларында. Қазіргі таңда кіші ұлы Қуаныш Амангелді ауылы мектебінің директоры үлкен шаңыраққа ие болып отыр.

Қайыржан Кәрібайұлы 2017 жылы 78 жасында қайтыс болды.

 

 

 

Санат: История | Добавил: Admin
Қараулар: 591 | Загрузок: 3 | Рейтинг: 5.0/5
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]