17:05
Өз жетістігім өзіме мотивация болды

Жұлдыз Қажатова – Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі. Сүлейман Демирел университетін «Екі шет тілі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Университетте ағыл-шын тілінде оқып, түрікшені қоса меңгеріп, екінші тіл ретінде қытай тілін таңдаған. Қазір Қытай астанасы Бейжіңде магистратура алдындағы бір жылдық тіл үйрену курсын аяқтап жатыр. Жұлдыз «Ұлан» газетінің тілшілері мен оқырманына аспанасты елінде оқу жөнінде әңгімелеп берді.

– Қытай тілін таңдауымның басты себебі – университетте тек қытай тілінен сабақ беретін native speaker болды. Өзім шет тілдерді меңгеруге қатты қызығамын. Сондықтан осы жағына баса назар аудардым. Екінші курста жүргенімде Еxchange бағдарламасымен бір семестр Қытайға оқып келдім. Бұл ел мені жақсы қабылдады. Аз уақытта тілді меңгере бастадым. Жаңа орта, жаңа таныстар, жаңа мүмкіндіктер. Шынымды айтсам, өз жетістігім өзіме мотивация болды, – деп бастады әңгімесін Жұлдыз.

Жұлдыз Қазақстанға оралғаннан кейін түрлі конкурсқа қатысып, жүлделі орындар алған. Қытайда алған білімі мен жинаған тәжірибесін ақсатып алмас үшін Алматыдағы Конфуций институтына барып, білімін жалғастырып жүріпті.

– Бұл жақтағы курс маған қатты ұнады. Екінші үйімдей болып кетті. Қытайдың үздік оқу орындарынан келген оқытушылардан тіл үйрену, күн сайын қарым-қатынаста болу үлкен мотивация беріп Қытайда білім алуыма себепкер болды. Алматыда жүргенімде Конфуций институтының грантын ұтып алдым. Қазір Minzu university ұлттық жоғары оқу орнында foundation оқып жатырмын.

Кейіпкеріміз тіл үйренудің артықшылығын былай санамалап берді:

– Жаңа орта табу (тілді сол елге барып оқу мүлдем басқа);
– Ел тану (шет елге шығып, өзіңдегі шекара мен стереотиптерді жою);
– Өзге ұлт өкілдерінен достар табу;
– Дүниетанымның кеңеюі.

Бірнеше тілде еркін сөйлейтін Жұлдыз араб, жапон, корей және америкалық достарымен қытай тілінде еркін сөйлеседі екен.

– Жұлдыз, ол жақта жастар бос уақытын қалай өткізеді екен?

– Әрине, өзге ел болғаннан кейін бәрі өзгеше. Мүмкіндік болса, қаланы аралауға тырысамыз. Қытай тіліндегі Голливуд фильмдерін көру үшін кинотеатрға барамыз. Қазақстан студенттеріне арналған KSAC қауымдастығы бар. Жыл сайын құрылтай өткізіп тұрады. Өзім әлі бармадым. Өзге ұлттың мәдениетіне ерекше көңіл бөліп, өзіміздің мемлекет жайлы да ой бөлісеміз.

– Грантты қалай ұтып алдыңыз?

– Minzu University грантын ұтым алдым. Ол үшін Қазақстандағы Конфуций институтында қытай тілінен 6 деңгейден тұратын тест тапсырдым. 6-деңгейге дейін тапсыра алсаңыз, тілді жетік біліп, еркін сөйлей аласыз. Foundation курсына өту үшін 4 деңгейді тапсырып, мотивациялық хат жазып, бакалаврды 3,0 балмен бітіргенімді дәлелдейтін құжат тапсырдым. Оқу ақысы, жататын жерім, сақтандыру, жол билетін тұтас өздері төлеп берді.

– Конфуций институтында тіл үйрену ақылы ма?

– Иә, ақылы. Мен қатыс-қан кезде 15 000 теңге болды. Аптасына үш рет, екі сағат-тан дайындалдық. Өте тиімді.

 

– Бейжің қандай екен?

– Қытай астанасы төрт мезгілде төрт түрлі әдемілікпен есте қалады. Қаланың өзінде тарихи Қытай мен технологиясы, инфрақұрылымы дамыған мықты елді көре аласыз. Бейжіңнің ескі императорлық бөлігі бар. Келушілер мәдени жағынан байып қайтады деп ойлаймын. Бейжіңге бір рет келіп көру аз. Ол жерде бұрын Қытай императорлары тұрған сарайлар бар. Қазіргі уақытта қоғамдық мұражай ретінде жұмыс істейді. Әлемнің жеті кереметінің бірі – Ұлы Қытай қорғаны қаладан екі-ақ сағаттық жерде. Қыста қар көп жаумайды. Күз – ең әдемі мезгіл. Туристерге қазан-қараша айлары ерекше әсер сыйлайды деп ойлаймын. Себебі түрлі-түсті ағаш жапырақтары көздің жауын алады. Сакура, шабдалы ағаштары көп. Маған қатты ұнайды.

– Қытайдағы студенттік өмір көңілден шығып жатыр ма?

– Қытайға келу, тілін оқу – өз таңдауым. Қалауым болған соң, осындағы барлық мүмкіндікті жіберіп алмауға тырысамын. Студенттік өмір өте қызық. Әрине, елімді, отбасымды, ұлттық тағамдарымызды сағынамын. Қазіргі қиын-дықтарымның жемісін бола-шақта көретініме сенемін. Қытай тілімен шектелмей, басқа да тілдерді меңгерсем деген жоспарым бар.
Сөз соңында кейіпкеріміз болашақ білімде екенін, уақытты ұтымды пайдаланып, әркез өзіңді дамыту маңызды екенін айтты.

 

Әңгімелескен

Нарқыз ЕРЕС,

СДУ студенті

«Ұлан» газеті, №4
28 қаңтар 2020 жыл

http://zhаsоrkеn.kz/?р=32879

Санат: Культура | Қараулар: 823 | Добавил: Admin | Рейтинг: 5.0/5
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]