07:24
Қоштасу немесе Мыңкеш тәтемізден қалған сөз.

Зар заман болмаса да 90-жылдардың аяғы көп қазаққа ауыр тиді, түрлі себептермен өздері туып өскен елді-мекендерден басқа жерлерге, әсіресе қалалар мен қала маңдарына үдере көше бастады. Амангелді ауылы да бұл құбылыстан сырт қалған жоқ. 90-жылдардың аяғында елдің орнынан көтеріліп кететіні белгілі болды. Ауылымыздан біртіндеп Керекуге немесе қала маңына көше бастады, себебі ауылда өмір сүру қиындады: кірпіш зауыты толығымен кетті, егістік алқабы күрт азайып, сонша жұмыскерлердің қажеттілігі болмай қалды, одан да басқа себептер көп болды. Елден көш түзегендер арасында біздің де әке-шешеміз болды. Белгілі бір себептермен көшуге әкемнің бел буғаны 2000 жыл болса да, көшудің өзі 2001 жылы іске асты. Заттар мен мал-мүлік маусым айының ортасында көшірілсе де, ата-анамыз бен қарт әжеміз тамыз айында ауылмен қоштасты. Көшіп барған жері Ақсу қаласына қарайтын Ребровка ауылы болды. Жобасы тамыз айының соңында ма деймін, Амангелдіден қалаға бара жатқан жігіттердің біреуі арнайы Ребровкаға соғыпты. Біздің үйді тауып алып, анамызға Мыңкеш тәтеміздің беріп жібергені деп, қолына бір парақ қағаз ұстатып, әрі қарай кеткен екен. Биыл 22 маусымда Ребровкаға барғанда тәтеміздің сол сәдемдемесін тапқызып, осы сайтта жариялауды жөн көрдім, себебі бұл жай сөз емес, кәдімгідей өзінің жанрына сәйкес жазылған туынды. Оны оқып шықсаңыздар көздеріңіз жетеді.

Қазақ халқының тұрмыс-салт жырлары бар екенін барлықтарыңыз білесіздер, олар ұлтымыздың әдет-ғұрып, салт-жораларына байланысты туындаған өлең-жырлар. Өзінің мазмұны мен тақырыбы жағынан, қандай мақсатта қолданылуына орай бірнеше топқа жіктеледі, солардың бірі - мұң-шер өлеңдері. Мыңкеш тәтеміз дәл сол жанр негізінде анамыз Марпаға арнап «Қоштасу» сөзін кезінде жазған екен. Аздап қана талдайық: Мыңкеш тәтеміз өз «Марпаға» деген қоштасуында сол кезді нақты суреттеп, өз бағасын берген екен, Амангелді мен бірге Ақсуды да көз алдына елестетіпті. Сөздерінде үлкен бір зар, өкініш ашықтан сезіліп тұр, бірақ құрбысының көңіл күйін түсірмейін деп соңына қарай Қорлан тәтеміз бен шешеміздің әрдайым бірге жүретін айта кетіп, әзіл сөзін қосыпты. Оқыңыздар, жастар білсін, қандай Мінуара тәтеміздей дарынды адам елімізде кезінде өмір сүрген.

                          Марпаға

Мен бүгін ойланамын, толғанамын.

Жастықшақ өткен күнді еске аламын.

Құрбылар әртарапқа кеткеннен соң

Артында жалғыз қалып, мұқаламын.

 

Ел еді Амангелді қасиетті,

Халқымыз өте қымбат, ақ ниетті.

Кезіктік біз нарықтық заманына...

Не шара бір Алланың салғанына.

 

Еліміз азып жатыр, тозып жатыр.

Халқымыз басқа жаққа көшіп жатыр.

Қарасаң, шыға келіп жан жағыңа

Отырған талай үйлер құлап жатыр.

 

Көшенің сәні кетті, мәні кетті.

Құрбылар бірге жүрген бәрі кетті.

Азайып құрбыларым қалғаннан соң

Жүректен жыр жазуға тура кепті.

 

Құрбы едің, Марпа, бір жыл бірге түскен.

Бір теуіп сырғанақты бірге өскен.

Көшеді деп Марпа құрбым естігенде

Жазайын бір сөз жайды еске түскен.

 

Ел еді Ақсу қалың біз түскенде

Ойнаушек әзілдесіп кездескенде

Ыстық еді, қайран Ақсу, қалды солай

Болады деп ойладық па біздер солай

 

Сен елдің көркі едің, Марпа құрбым,

Сыйлаушы еді бүкіл ауыл сені, құрбым.

Барасың қайда көшіп, елді тастап,

Қорлан ұйықтамайды сені ойлап.

Соңыңнан жүруші еді сені оңтайлап,

Қалдырып Қорланды кетеріңде

Таңдап кет сен секілді бір аптайды.

 

Көлікті болсын көшің, құрбым Марпа!

Жүрсеңде қай ауылда мені ұмытпа!

Егер мәңгілікке көзім жұмсам,

Өсиет айтам, менің келіп, сүйгемді ұста!

 

Бұл біраз саған жазған әзіл сөзім

Мен жазбай ішкі сырды қалай төзем?

Астында алты қырдың аман жүрші!

Риза бол осы әзілге, сүйген құрбым!

         Амангелді ауылы, 2001 жыл. Мінуәрә

Өлеңнің түпнұсқасы. Оригинал.

Категория: История | Просмотров: 495 | Добавил: kabzhan | Теги: Амангельды, Арысь, Аксу
Всего комментариев: 7
0  
7 Admin   (26.06.2019 06:18)
Бүгін таңертең - 432-ге жетіпті. Керемет. 2-3 күн болса да алдыңғы 500 қатарына ендік    :D  


6 Терминатор   (25.06.2019 21:30)
В данный момент уже 468 место

0  
3 Admin   (25.06.2019 17:28)
За один день рейтинг сайта в списке сайтов Казахстана (а наш сайт официально зарегистрирован в казахстанском счетчике) от 2370 резко взлетел до  572  места. Это отлично! Хоть пару дней, но мы в числе сайтов, посещаемость которых за сутки превышает 100 человек.

2 Джихангир   (25.06.2019 12:39)
таланты есть везде. и их надо беречь

0  
4 Admin   (25.06.2019 17:29)
СПАСИБО!

1 Серик   (25.06.2019 12:25)
Көкөмізді ұмытпаймыз ғой

0  
5 Admin   (25.06.2019 17:29)
Дұрыс !

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]