16:43
Наурыз мерекесі құтты болсын! C праздником Наурыз!

Қадірменді жерлестер, сайтымыздың қонақтары! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз - жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам - береке мен бірліктің,тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мейрам. Бүгінгі күні Наурыз барлықтарымыз  үшін сүйікті мерекеге айналды. Ұлыстың ұлы күні - Наурызда адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмытып, кешірімге келіп, татуласып, табыса білген. Халқымыз мол дастарқанын жайып, ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, өткен-кеткеннен сыр тартып, барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеп, жастарға ақ баталарын берген. Ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз - Наурыз і мол  табыс  әкелсін.Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, бауырымыз бүтін, арайлап атқан әрбір таң жеке өмірлеріңізге шат көңіл, бақыт және береке сыйласын, құрметті жерлестер.

Дорогие земляки, гости сайта, поздравляем всех вас  с праздником Наурыз! Желаем плодотворного 2022 года: пусть каждое зерно, посаженное в землю, дает щедрые всходы, а любое начинание приносит плоды, пусть наше родное село обретет второе дыхание и станет на путь самого настоящего возрождения. Желаем, чтобы праздник солнца сделал жизнь наших земляков, где бы они ни жили, ярче и интереснее. Пусть за столом у вас собираются друзья, в доме звучат веселые песни и смех, а на работе все удается. Счастья, достатка, здоровья вам, дорогие земляки!

 

 

 

 

 

Санат: Мәдениет | Қараулар: 1007 | Қосқан: Жунус
Пікірлер саны: 0
Пікірлерді тек тіркелген қолданушылар ғана қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]