11:55
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Наурыз мейрамымен құттықтауы

Ардақты ағайын!Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әз-Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің бастауы. Жылдың бұл мезгілі – күн мен түн теңеліп, жер жүзі қайта түлейтін шақ. Сондықтан ата-бабамыз ежелден шуақты көктем мерекесіне айрықша мән берген, оны Ұлыстың ұлы күні деп ұлықтаған. Қоғамдағы татулық пен келісім дәстүрлері ұлтымыздың салт-санасы мен әдет-ғұрпы түгел тоғысқан осы мейрамның сипатына сай келеді. Наурыз бүгінде нағыз халықтық мерекеге айналды. Бұл күндері мейірімділік, жанашырлық, жасампаздық сияқты қасиеттер ерекше дәріптеледі. Соның арқасында еліміз бірлігін бекемдеп, тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Халқымыз әрдайым Наурыз мейрамын жақсылықтың жаршысына балаған. Қазақстан дамудың жаңа дәуіріне қадам басты. Түбегейлі өзгерістер қастерлі Отанымызды өркендетуге тың серпін береді деп сенемін. Ынтымағы жарасқан жұртымыздың ырысы артып, қолға алған игі бастамаларымыз оңынан болсын, ағайын! Әз-Наурыз әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш әкелсін! Отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін! Ұлыс оң болсын!Ақ мол болсын!

22.03.2023

www.akorda.kz сайтынан алынды

 

Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева по случаю праздника Наурыз мейрамы

 

Дорогие соотечественники! Сердечно поздравляю всех с Наурыз мейрамы! Наурыз символизирует обновление и возрождение, процветание и единство. В это время года день сравнивается с ночью, пробуждается природа. Поэтому испокон веков наши предки придавали особое значение этому яркому весеннему празднику, называя его «Ұлыстың ұлы күні».В его основе лежат ценности мира и согласия в обществе, в нем прочно укоренены наши национальные традиции и обычаи. Сегодня Наурыз стал по-настоящему народным праздником.В эти дни на первый план выходят такие качества, как милосердие, сострадание, стремление к созиданию, способствующие укреплению единства и солидарности в нашей стране.Наш народ всегда связывает с Наурызом самые светлые надежды и ожидания. Казахстан вступил в новый этап своего развития. Уверен, проводимые кардинальные преобразования придадут мощный импульс прогрессу нашей страны. Пусть все наши начинания увенчаются успехом!Пусть Наурыз принесет счастье и радость в каждый дом!Желаю всем крепкого здоровья и благополучия!С праздником Наурыз мейрамы!

22.03.2023

Материал взят с сайта www.akorda.kz

Санат: Мәдениет | Қараулар: 281 | Қосқан: Admin
Пікірлер саны: 0
Пікірлерді тек тіркелген қолданушылар ғана қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]