Құрметті жерлестер, сайтымыздың қонақтары, баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Өткен жыл халқымызға жеңіл тиген жоқ: қаңтардағы оқиға қабырғамызды қайыстырды, экономикалық келеңсіздіктер мен тұрақсыздыққа қоса алыстағы Украинада соғыс басталды, Елінің тәуелсіздігі үшін украин халқының азаматтары жан  алып, жан берісіп жатыр, сол соғыстың ұшқыны бізге де келуі мүмкін екенін түсіндік, себебі көршіміздің, біздер «дос» санап жүрген кейбір саясаткерлері  Украинадан кейін Қазақстанның да кезегі келеді деп жыл бойы ашық айтып өтті. Елімізді Құдай сақтасын! Халқымызға соғысы көрсетпесін!Жамандықтың барлығы өткен жылмен кетсін!

... Әрі қарай оқу »

Санат: Мәдениет | Қараулар саны: 726 | Қосқан: Admin | Күні: 27.12.2022 | Пікірлер (2)

Біраз уақыт бұрын Амангелді ауылының чатында Елеш Таскенұлы өте дұрыс бір ұсынысты ортаға салды. Ол ұсынысы – ауылымызда мешіт салу. Өте керемет идея, қазіргі тілмен айтқанда фишка, яғни өте өзекті, дұрыс және кез келген мұсылман баласына қажет ғимарат. Елеш бауырымызға осындай бір жақсы ұсынысы үшін өз басым ризамын. Екіншіден чаттағы жүзден аса жерлестеріміздің ешқайсы қарсы шықпағанына да ризамын. Барлық жерлестер  мешіттің  ауылымызға, барлықтарымызға не екенін түсініп отыр ғой. Алла Тағаланың  алдында қадірімізді арттыратын мешіт ғимараттарын салу және оның қатарын арттыру сауапты іс екені хақ. Мешіт – мұсылман жамағатының  Жаратушы иемізге кіршіксіз құлшылық жасап, шын мәнінде тәубеге келетін, жабырқаған жандарға жұбаныш табат ... Әрі қарай оқу »

Санат: Мәдениет | Қараулар саны: 545 | Қосқан: Admin | Күні: 26.10.2022 | Пікірлер (1)

Қадірменді жерлестер, сайтымыздың қонақтары! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз - жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам - береке мен бірліктің,тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мейрам. Бүгінгі күні Наурыз барлықтарымыз  үшін сүйікті мерекеге айналды. Ұлыстың ұлы күні - Наурызда адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмытып, кешірімге келіп, татуласып, табыса білген. Халқымыз мол дастарқанын жайып, ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, өткен-кеткеннен сыр тартып, барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеп, жастарға ақ баталарын берген. Ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің ... Әрі қарай оқу »

Санат: Мәдениет | Қараулар саны: 1015 | Қосқан: Жунус | Күні: 18.03.2022 | Пікірлер (0)

Ардақты ағайын! Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тіршілікті түлетіп, табиғатқа жан бітіретін Наурыз – біздің төл жаңа жылымыздың бастауы, жаңғыру мен жаңа өмірге ұмтылудың нышаны. Ежелгі жыл қайыру дәстүрі – халқымыздың терең танымы мен тағылымды тарихының көрінісі. Шуақты көктем мерекесін бүкіл ел болып асыға күтеміз. Біз тағдырымызбен сабақтас әз-Наурыздан өткен ғасырда еріксіз ажырап қалдық. Егемендіктің елең-алаңында ежелгі салтымызбен қайта қауыштық. Наурыздың көне дәстүрлерін нығайту үшін Елбасы бұл мерекені мемлекеттік мейрамға айналдырды. Жыл басында жарияланған "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаламда Наурызды жаңаша атап өту қажеттігіне тоқталдым. Мерекенің әр сәті елге пайдасы тиетін, ұрпаққа өнеге болатын игілікті ... Әрі қарай оқу »

Санат: Мәдениет | Қараулар саны: 852 | Қосқан: Admin | Күні: 20.03.2021 | Пікірлер (0)

Құрметті жерлестер, достар, сайтымыздың қонақтары! Барлықтарыңызды   келе жатқан Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Өткен жыл елімізге, ауылымызға ауыр тиді, талай достарымыздан, жақындарымыздан айырылып қалдық.Баршамыз жаңа 2021 жылмен бірге тек жақсылық, қуаныш пен ізгі жаңалықтардың келуін күтеміз. Келер жаңа 2021 жыл барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын. Барлықтарыңызға  зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер тілейміз. Ең басты шекарамыз берік, Еліміз тыныш, халөымыз аман, бауырымыз бүтін болсын! Уважаемые земляки, друзья, гости са ... Әрі қарай оқу »

Санат: Мәдениет | Қараулар саны: 968 | Қосқан: Admin | Күні: 30.12.2020 | Пікірлер (0)

« 1 2 3 4 »