Ардақты ағайын!Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әз-Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің бастауы. Жылдың бұл мезгілі – күн мен түн теңеліп, жер жүзі қайта түлейтін шақ. Сондықтан ата-бабамыз ежелден шуақты көктем мерекесіне айрықша мән берген, оны Ұлыстың ұлы күні деп ұлықтаған. Қоғамдағы татулық пен келісім дәстүрлері ұлтымыздың салт-санасы мен әдет-ғұрпы түгел тоғысқан осы мейрамның сипатына сай келеді. Наурыз бүгінде нағыз халықтық мерекеге айналды. Бұл күндері мейірімділік, жанашырлық, жасампаздық сияқты қасиеттер ерекше дәріптеледі. Соның арқасында еліміз бірлігін бекемдеп, тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Халқымыз әрдайым Наурыз мейрамын жақсылықтың жаршысына балаған. Қазақстан дамудың жаңа дәуіріне қадам ба ... Әрі қарай оқу »

Санат: Мәдениет | Қараулар саны: 292 | Қосқан: Admin | Күні: 22.03.2023 | Пікірлер (0)