Біраз уақыт бұрын Амангелді ауылының чатында Елеш Таскенұлы өте дұрыс бір ұсынысты ортаға салды. Ол ұсынысы – ауылымызда мешіт салу. Өте керемет идея, қазіргі тілмен айтқанда фишка, яғни өте өзекті, дұрыс және кез келген мұсылман баласына қажет ғимарат. Елеш бауырымызға осындай бір жақсы ұсынысы үшін өз басым ризамын. Екіншіден чаттағы жүзден аса жерлестеріміздің ешқайсы қарсы шықпағанына да ризамын. Барлық жерлестер  мешіттің  ауылымызға, барлықтарымызға не екенін түсініп отыр ғой. Алла Тағаланың  алдында қадірімізді арттыратын мешіт ғимараттарын салу және оның қатарын арттыру сауапты іс екені хақ. Мешіт – мұсылман жамағатының  Жаратушы иемізге кіршіксіз құлшылық жасап, шын мәнінде тәубеге келетін, жабырқаған жандарға жұбаныш табат ... Әрі қарай оқу »

Санат: Мәдениет | Қараулар саны: 547 | Қосқан: Admin | Күні: 26.10.2022 | Пікірлер (1)