Құрметті жерлестер, достар, сайтымыздың қонақтары, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы  баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін!Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Наурыз — көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол — өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз. Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!

... Әрі қарай оқу »

Санат: Мәдениет | Қараулар саны: 1034 | Қосқан: Admin | Күні: 20.03.2020 | Пікірлер (0)