Зар заман болмаса да 90-жылдардың аяғы көп қазаққа ауыр тиді, түрлі себептермен өздері туып өскен елді-мекендерден басқа жерлерге, әсіресе қалалар мен қала маңдарына үдере көше бастады. Амангелді ауылы да бұл құбылыстан сырт қалған жоқ. 90-жылдардың аяғында елдің орнынан көтеріліп кететіні белгілі болды. Ауылымыздан біртіндеп Керекуге немесе қала маңына көше бастады, себебі ауылда өмір сүру қиындады: кірпіш зауыты толығымен кетті, егістік алқабы күрт азайып, сонша жұмыскерлердің қажеттілігі болмай қалды, одан да басқа себептер көп болды. Елден көш түзегендер арасында біздің де әке-шешеміз болды. Белгілі бір себептермен көшуге әкемнің бел буғаны 2000 жыл болса да, көшудің өзі 2001 жылы іске асты. Заттар мен мал-мүлік маусым айының ортасында көшірілсе де, ата-анамыз бен қарт әжеміз тамыз айында ауылмен қоштасты. Көшіп барған жері Ақсу қаласына қарайтын Реб ... Әрі қарай оқу »

Санат: Тарих | Қараулар саны: 1822 | Қосқан: kabzhan | Күні: 25.06.2019 | Пікірлер (7)