Биыл  күзде қазіргі Амангелді ауылының кеңшар ретінде құрылуына 65 жыл толады. Білмейтіндер білсін: Амангелді ұжымшары (колхоз) қазіргі Қарақұдық ауылы негізінде болған, ал 1954 жылы тың игеру кезінде Амангелді ауылы құрылды да сол атаулы кеңшар Қарақұдықтан бері 3 шақырым жерде орналасты, яғни қазіргі тұрған жері. Тың игеру кезеңіне түрлі баға берілді, беріліп те жатыр, бірақ бізді ауылымыздың тарихы қызықтырғандықтан жақын арада мемлекеттік архивтен тиісті құжаттарды сұратып, нақты деректерге сүйеніп жазылған тарихын жазамыз. Әзірше естеріңізге салатынымыз – биыл Амангелді ауылына 65 жыл толады. Кейбір мәліметтер бойынша ауылымыздың іргесі 1954 жылдың күзінде қаланған екен. Осының анық қанығын білу мақсатында Павлодар облысының мемлекеттік архивіне сұрату жасалды. 2019 жылдың 6 маусымында Амангелді ауылының атауы латын әліпбиі нег ... Әрі қарай оқу »

Санат: Тарих | Қараулар саны: 1750 | Қосқан: Admin | Күні: 08.06.2019 | Пікірлер (3)