Құрметті достар, жерлестер, сайтымыздың қонақтары, баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Кезінде ауылымыздың үлкендері ораза ұстап, одан кейін келген Ораза айтты бірігіп атап өтетін. Еліміздің өзінше ерекшеліктері де болды, көбі оны әлі ұмытқан жоқ шығар: Амангелді ауылында намаз оқитын, ораза ұстайтын адамдар қиын-қыстау заманның өзінде болған. Бабаларымыз дініміз бен салт-дәстүрімізге бекем болғаны әлі де есімізде. Енді артында қалған бүгінгі ұрпақ сол жолды жалғастыруы шарт: арақ-шарап ішуді тоқтату керек, темекіден бас тартуға тырысу керек, өз ара аз қалған жұрт тату және түсініспеншілікпен өмір сүру керек, себебі еліміздің болашағы өскелең ұрпақ үлкендеріне қарап өседі. Арақ ішіп, ауызына келген айтып жүрген ағалары жастарға қандай ақыл айта алады? Осының бәріне Ораза және Ораза айт күндері ойлану керек, себебі Ораза ... Әрі қарай оқу »

Санат: Мәдениет | Қараулар саны: 871 | Қосқан: Admin | Күні: 05.06.2019 | Пікірлер (0)