Кез келген елді-мекеннің болашағы сол елде тұрып жатқан адамдарға тікелей байланысты. Егер ел болып, бірігіп, іс әрекет жасай алмайтын, іштен өз ара жанжал мен дау дамайдан бас көтере алмай жатса, ондай елдің болашағы бұлыңғыр. Ал егер ауыл тұрғындары бірігіп, бірін-бірі демеп, ақыл айтып, қажет болған жағдайда көше ауласын, басқа да орындардағы жұмыстарды тазалап, абаттандырса, ол ел бірлігінің белгісі, елдің болашағы болатындығының кепілі. Рамазан айының алдында Амангелді ауылының біраз тұрғындары ауылдан Қарақұдықтың сыртындағы зиратқа баратын жолды жөндеп, қалпына келтіріпті. Бұл жұмыстың бас қасында жүрген Бейісов Қаби, тракторды СПК берген екен, белсене атсалысқан ауылдың жігіттері Бахтияров Мерген, Аманбаев Ерден, Царегородцев Андрей, Сұлтанов Жанарбек, Сағадиев Бақыт, Балтабаев Ербол және Құдияров Ернар. Зейнет жасында болса да істің бас ... Әрі қарай оқу »

Санат: Мәдениет | Қараулар саны: 910 | Қосқан: Admin | Күні: 05.05.2019 | Пікірлер (1)

Рамазан айында оқылған дұғаларыңыз бен ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын, құрметті жерлестер! Жазмыштан озмыш жоқ дейді қазақ халқы. 2019 жылғы 26 қаңтарда біздің елдесіміз, біреуге сүйген жар, біреуге дос, біреуге әріптес болған Байниязова Бағиран Айтжанқызы дүниеден озды. Байниязова Бағиран Айтжанқызы 1961 жылы Новосибир облысының Искитим деген қаласында дүниеге келген. Орта мектепті Семипалатинск облысының Бесқарағай ауданындағы Беген ауылында аяқтаған. 1980-1984 жылдар аралығында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында оқыды. 1986 жылы Амангелді ауылына Байниязовтар әулетіне келін болып түсті. 1986 жылдан 2012 жылға дейін Амангелді орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1986 жылдан 1995 жыл аралығында әріптес болып, бірге жұмыс істедік. Өз пәнінің білгір маманы, әзілдеудің орнын білген әріптесіміз еді ... Әрі қарай оқу »

Қараулар саны: 891 | Қосқан: Жунус | Күні: 05.05.2019 | Пікірлер (1)