Қыпшақ – түркі тайпасы, 9-шы ғасырға дейін Жайықтан шығысқа қарай Ертіске дейін мекендеген. 890-шы жылы Қыпшақтар Жайықтан өтіп печенегтерге шабуыл жасап, оларды екіге: шығыс және батыс бөлікке бөліп тастады. 900 – 1200 жылдары қыпшақтар Еділден Днепрге дейін қоныстанып, Ресейдің оңтүстік жағына шабуылдап тұрды. 1222 жылы Кавказдың теріскей бетінде оларды монғол қолбасшысы Сүбетай ( дұрысы Сыпатай) мен Жебе жеңіліске ұшыратты. 1223 жылы Қалқа өзенінің жағасында монғолдар қыпшақтар мен орыс княздерінің біріккен жасақтарын тізе бүктірді. Монғолдар осы алғашқы жеңістеріне тоқмейілсіп шығысқа қайта қайтты. 1237 жылы Батый Ресейдің шығыс және оңтүстікжағын бағындырып болғасын, жолшыбай қыпшақтарға да тиісіп талқан қылып кетті. Араб тарихшысы Рукнаддиннің айтуынша монғолдардың тез табысқа жетуіне қыпшақтардың екі тобының арасындағы қырын қабақтық әсер еткен сияқты. ... Әрі қарай оқу »

Қараулар саны: 3231 | Қосқан: temirbaybekzhigitov | Күні: 17.06.2015 | Пікірлер (1)