Асылбаев Намыс Мұқатайұлы
20.04.2020, 00:30

Асылбаев Намыс Мұкатайұлы 1942 жылдың 31-ші қазанында Ертіс ауылында дүниеге келді. 7-ші класқа дейін Ертіс ауданының Октябрь мектебінде оқып, 8-9 кластарды Беловодск ауылының Максим Горький орта мектебінде оқыды. 10-шы класты Шымкент қаласындағы Жамбыл атындағы №26 мектепте күміс медальмен бітірді.Шымкент қаласының педагогикалық институтының физика мамандығын 1965 жылы бітіріп, Целиноград облысы Қорғалжын ауданы Сабынды орта мектебінде алты жыл физика мұғалімі қызметін атқарды. Содан кейін Ертіс ауданы Кутузов орта мектебінде 5 жыл физика пәнінің мұғалімі болды.1976 жылы Амангелді орта мектебіне мектеп директоры болып тағайындалды. Мектеп директоры жұмысы оңай болған жоқ. Намыс Мұқатайұлы естеліктері бойынша директор болып келгенде тек Сейтказина Бақия Ахметовна ғана жоғары білімді ұстаз болды. Оқушылардың білімін көтеру үшін жоғары маманды ұстаздар қажет болды. Сөйтіп Павлодар педагогикалық институтынан Елена Дмитриевна және Светлана Исаковна деген математиктерді жұмысқа алды, химия пәнінен Татьяна Кузминична, орыс тілінен Жамбыл облысынан бір мұғалім, Алматы облысы Қаскеленнен Светлана Ивановна Буханцева оқу ісі меңгерушісі болып келді. Оқушылардың білім сапалары артып 5-6 жылдан кейін өзіміздің түлектер мектепке ұстаз ретінде орала бастады. Олардың қатарында Текжанов Кайрат Хафизович, Еділбаев Қабжан Шорманович, Айтмагамбетова Дәметкен Айтмагамбетовна болды. Кейіннен мектеп ұжымы Сабыржан Сайфуллаевич, Гаухар Шұғаевна, Гүлнәр Жылқыбаевна, Ахметова Ләззат Зайкеновна, Алкенов Дәулет Таймысұлы, Бейсекеев Тайман Базарбаевич, химия пәнінің мұғалімі Карагатеев Даурен Әмірғалиевич, Карагатеева Әсем Әмірғалиевна, Карагатеева Алтыншаш Какеновна, Кабжелялова Алмагүл Амангельдиновна, Кабжелялова Айгүл Амангельдиновна, Еділбаев Жанарбек Шорманович, Елеусизова Индира Аблаевна, Кажмагамбетова Гүлжан Тұйаковна, Сарсенов Құмар Бектасович және т.б. өз шәкірттерімізбен толықты.

Аудан оқу бөлімінің бастығы Шарипов Аманбол Құлмырзаевич бір келгенде Амангелді ауылы – қазақ ауылы, мектепті неге қазақ тіліне ауыстырмайсың деген пікір айтты. Бұл қиын процесс болды. Мектепте және институтта орысша оқыған мамандарға өте қиын болды. Осы орайда ұстаздарға қайта дайындау курстарынан өтулеріне тура келді. Қазақ тілі мұғалімдері қажет болып, басқа қазақ ауылы мектептерінен Әбілманова Жібек Шажановна, Балажанова Ақжайық Мағытайқызы, Аушенова Рымтай Аманболқызы, Аушенов Медет Аманболұлы, Кажикатова Раушан шақырылды.

Шәкірт тәрбиелеу ісінде аталған ұстаздармен қоса келесі мамандардың еңбегі көп болды. Олардың қатарында Жанасова Кабира Кайдаровна, Кажатова Бағиран Айтжановна, Балтагулова Гүлнара Каримовна, Асылбаева Майшарап Наурызбаевна, Сагитжанова Гүлден Космановна, Бахтиярова Фарида Әбілмажиновна, Карагатеева Алтын Сағатовна, Нургалиева Торғын, Бейсембаева Роза, Көпбергенов Нұрлан Қазбекович, Көпбергенова Ляззат Матаевна, Көпбергенова Сәуле Казбековна, Сейітов Қажым, Иманжанов Рамазан, Шарыкбаева Шакар Шарыкбаевна, Төлеш Мекебаевна, Жумабаева Нафиса Боранбаевна, Еділбаева Айжан, Сарсенова Шынар Бектасовна, Тукенова Ағжан, Қызкенов Ақылбек, Арғынбаев Жанат Төлешович, Амангельдинов Бауыржан Қайырович және т.б. бар.

Өкінішке қарай, балалар тәрбиесінде орасан зор еңбек еткен химия пәнінің мұғалімі Бибігүл Мүталаповна қазіргі уақытта арамызда жоқ.

Бөлімшелерден келген балалар интернатта тұрды. Әр жанұядан шыққан балалардың тәрбиесімен айналысу жұмысында Асылбаев Теміртөлеу Мұқатайұлының және Тлектес Амановнаның еңбектері зор болды.

Мектеп ұжымы совхоз жұмысына араласып отырды. Бұл орайда Бекеев Халел Садвакасович, Карыбаев Теміржан Қайыржанұлының және Кажикатов Жүніс Иманбаевичтің еңбетері зор.

Қиыншылығы мен қызығы мол мектеп өміріндегі жұмысты Намыс Мұқатайұлы әрқашан жылы лебізбен еске алып отырады.

Намыс Мұқатаевич Амангелді орта мектебінде 25 жыл жұмыс істеп, оның 20 жылын мектеп директоры ретінде қызмет атқарды. Намыс Мұқатайұлы жоғары дәрежелі ұстаз, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі. Бірнеше аудандық және облыстық оқу орындарының грамоталарымен марапатталды.

2001 жылы Павлодар қаласына келіп №22 және №39 мектептерінде физика пәнінен сабақ беріп, 2005 жылы зейнетке шықты.

Намыс Мұқатайұлы бірге істеген әріптестеріне шексіз алғысын білдіреді.

Ақпарат берген Асылбаев Р.Н.

 

Санат: История | Добавил: Admin | Теги: Амангелді, Асылбаев Намыс Мұқатайұлы, школа, Амангельды, Асылбаев Намыс Мукатаевич
Қараулар: 885 | Загрузок: 1 | Рейтинг: 5.0/5
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]