Ахметовтар отбасы
27.02.2023, 14:43

Менің әкем Ахметов Зәйкен құжат бойынша 3.05.1927 жылы туған. Амангелді ауылының жанында 3 км. Қашықтықта орналасқан кішкентай Қарақұдық атты ауылда дүниеге келген.Аталған ауылдың 7 жылдық мектебін бітірген, ұстазы Балтабаев Жауда ақсақал болған. Әкем есепке өте жүйрік болған, сыныптағы қыздардың есептерін шығарып береді екен. Мен бастауыш сыныпта оқығанда маған да көмек қолын созатын. Ұлы Отан соғысы басталғанда небәрі 14 жаста болатын. Соғысқа қатысқан жоқ, бірақ жеңіске өз үлесін қосқан. Жолдасы Бейсекеев Базарбай екеуін Теміртау қаласына заводқа жұмысқа жіберген. Сол заводтың прокатный цехінде жұмыс істеген. Елдің үлкендері Қарағанды шахтасында деп ойлап “бұлар тас жарғандар” деген екен. Бертінге дейін екі досты білетіндер “тас жарғандар” деп қалжындап айтатын.  Ауылға оралған соң, 1952 жылы Райбеков Кәрібайдың қызына құда түсіп, шаңырақ көтерді. Тың игеру кезінде жаңа ашылған Ленин совхозына сельсоветтің хатшысы болып жұмысқа орналасқан. Бастапқы бетте тұратын үйлері болмай, целинниктермен бірге 3-4 ай палаткада тұрған екен. Күзге қарай үйлер салынып біткен соң, үйге көшкен. Бұл қызметте 3 жыл істеп, содан кейін рабкоопқа экспедитор болып ауысыпты. Ертіс ауданынан Ленин ауылына товар, азық-түлік тасып, жүргізуші болған. Сoвхоздың бөлімшесі ашылған соң, істеген жұмысына ұқыпты болғандықтан, сол бөлімшенің завхозы етіп басшылар тағайындапты.

Амангелді мен Ленин ауылдарының арақашықтығы жақын болғандықтан туыстарымен жиі қатынасып тұрған. Туысқандары, әкесі елге көшіп келгенін қалады. 1962 жылы, үй сатып алып, немере ағасы Мухамедьяров Зикеннің жанына, өзінің туған еліне көшіп келді. Жанадан құрылған савхозға жұмысшылар керек болғандықтан, шопыр болып орналасқан. Машинасымен салынып жатқан нысандарға груз тасыған. Ауылда қой өсіру науқаны басталғанда, машинасын тапсырып, шопан болған. Бір отар қой алып, қыста жайлаған, жазда қоста баққан. Савхоз басшылары шопандардың еңбектерін жоғары құрметтеді. Дүниеге келген кілемдер болса, бірінші кезекте шопандарға беретін. Менің әкемде бір әдемі кілем алған, сол кілемді қалаға көшкенде бірге алып келдім.

1974 жылдың көктемінде әкем ВАЗ 2103 жигули машинасын сатып алды. Ондай машиналардың жаңа шығып жатқан кезі еді. Мұндай ауылда ешкімде болмаған. Бізден кейін завгар көршіміз Бондаренко А. М. алды. Солай-солай ауылда машина көбее бастады, жаңа модельдерін алғандар болды.

Әкем денсаулығына шағым келтірмейтін, бірақ бір уақыттарда асқазаны сыр берді. Содан, 1981 жылы жұмыскерлер кәсіподағының жолдамасымен Ессентуки курортына барып, ем қабылдап келді. 1987 жылы 60 жасқа толып, зейнетке шықты. Зейнетке шыққаның тaй coйып, бүкіл ауылды, жан-жақтағы туыстарын шақырып, тойлады. Ол, зейнеткермін деп үйде отырмай, бір уақыт савхоздың заправкасында жұмыс істеді. 90-шы жылдары ауылда жұмыс болмай қалғанда, тұрғындар көше бастады. Біз де қаладан квартира алдық. Бірақ әкем елінен көшпейтінін айтты.  2006 жылы 80-ге жақындаған шағында қайтыс болып, ауылының зиратына жерленді. Жатқан жері жарық, топырағы торқа, жаны жәннәттә болсын!

Анама келсек, ол кісі Ақсу ауылының (Амангелдінің I бөлімшесі) тумасы. Райбеков Кәрібайдың қызы Рузия. Ол 1935 жылы туған. Соғыс басталғанда небәрі 6 жаста болған, сол жылдардың қиындығын көріп өскен. Әкесін трудармияға Кемерово қаласына көмір шахтасына жұмысқа алып кеткен. Үйде шешесі Қалиха, інісі Қайыржан үшеуі қалған.  Анамның шешесі колхоздың нан пісірушісі болған, бір сиырларының май-қаймағын, сүт-айраның ішіп, күн көрген. 1945 жылы соғыстың біткенің ауыл бастығы салт атпен жүріп: “Сүйінші! Соғыс бітті, соғыс бітті!” -деп айғайлағаны қатты есінде қалған.  Ақсу ауылында Хамза мұғалімнен 4 жыл дәріс алған, кейін Кутузов ауылына барып-тұрып 7 жылдық мектепті бітірген. Анам келбетті, әдемі болған жасында, жасы тоқсанға таяп қалсада өнің бермеген. Әкем шопан болғанда, анам қысқы мезгілде қозы күтуші болған, қалған уақытта үй шаруасымен айналысқан. Анам құсты көп өсіретін. Ол 50-60 үйрек асырайтын, біреуін өлтірмейтін. Үстерінен лампа жағып, астарына сoлом төсейтін. Сонымен қатар тоқу, тігудің қас шебері, маған әдемі көйлектер тігіп беретін. Ешкі ұстайтынбыз, сол ешкілердің түбітінен шәлі тоқитын. Бізбен бірге үйде кәрі Ахмет атам тұрды. Жасы келген кәрі адамды анам күтті. Атам 85 жасқа келіп, қайтты. Анам зейнетке шыққанша ауылдың мектебінде еден жуушы болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта Павлодар қаласында тұрады, немере-шөберелері бар.

Алла ұзақ ғұмыр берсін дейміз.

Ахметова Ләззәт Зайкеновна

 

 

 

 

 

 

Санат: История | Добавил: Admin
Қараулар: 214 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]