Амантай (Амангелді) Кабжалялов 1942 жылы Ертіс ауданының «Пушкин» аулында дүниеге келген. Ажеке ұлын Қабжалалді соғысқа шақыртқан, бірақ броньмен қалып қайтып келгенінде, жаңадан туған ұлының атын Амангелді деп қойған екен. Ол кезде ауылда бастауыш мектеп ғана болатын. Амантай «Жаңа таң» аулында үш классты бітіргеннен кейін, ауылда оқу болмай, балалар саны толмай, көрші Ресейдің «Қаратал» аулында 4 классты бітірді. Содан кейін Ертіс қазақ орта мектебінде оқыды. 10 классты бітірген соң ауылда мұғалім болып қызмет жасады. Семей қаласының пединститутында сырттан оқып, тарих пәнінің мұғалімі болды.