Инвестиция дегеніміз  - ауылымызға пайда түсіру. Ал оны қалай жасауға болады? Адами капиталға келсек - көшіп келуге болады. Кезінде түрлі себептермен біраз ауыл тұрғындары басқа жерлерге көшіп кетті, ал енді қайтып келеміз десе - есігіміз ашық,  үй салуға болады, көшіп келмей-ақ түрлі жобаларға қаржы салуға болады. Сонымен қатар, еліміздің тумасы болмай-ақ, оңтүстік облыстардан да көшіп келемін дегендерді кұшақ жая қарсы аламыз. Келіңіздер, жер жетеді, жеке шаруа ашасыздар ма, егін салумен айналысасыздар ма, мал шаруашылығын қолға аласыздар ма оны өздеріңіз білесіздер!  Осы мәселелер бойынша ауылдық әкімдікке кез келген сұрақтарыңызбен  бара аласыздар. Барлық сұрақтарыңызға жауап беріледі.
 

Ал мына төмендегі бағдарламалар туралы білгендеріңіз пайдалы болар
 

 
«ЭКО-ДАМУ» ШАҒЫН НЕСИЕЛЕУ БАҒДАРЛАМАСЫ
 

Бағдарламаның мақсаты – ауылшаруашылық, орман, балық, аң шаруашылықтарын жүргізудің балама түрлерін дамыту және экологиялық қауіпсіз әдістерді енгізу. Қарыз сомасы - 100 - 3100 АЕК, сыйақы үстемесі – жылдық 4%, жылдық тиімді сыйақы үстемелесі - 4,4% дейін, несиелеу мерзімі - 54 айға дейін. БҰҰДБ бірлесіп жүзеге асырылады
 

«ЫРЫС» НЕСИЕЛЕУ БАҒДАРЛАМАСЫ
 

Бағдарламаның мақсаты – ірі қара малдың 20-100 басына арналған тауарлы сүт фермаларын құру және дамыту. Қарыздың сомасы – 6-13-85 миллион теңге (ТСФ қуаттылығына байланысты), cыйақы үстемесі – жылдық 6%, жылдық тиімді сыйақы үстемесі - 6,7% дейін, несиелеу мерзімі - 84-120 айға дейін
 

«ЫНТЫМАҚ» НЕСИЕЛЕУ БАҒДАРЛАМАСЫ
 

Бағдарламаның мақсаты – сервистік-дайындау және қайта өңдеу ұйымдарын құру және дамыту. Қарыздың сомасы - 8 000 АЕК дейін (Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасымен), 50 000 000 теңгеге дейін (Қордың өз қаржысы мен тартылған қаржыдан), сыйақы үстемесі – жылдық 6%, жылдық тиімді сыйақы үстемесі - 6,7% дейін, несиелеу мерзімі – 84 айға дейін
 

«БЕРЕКЕ» НЕСИЕЛЕУ БАҒДАРЛАМАСЫ
 

Бағларламаның мақсаты – ауылшаруашылық өнім алу үшін ауылшаруашылық жануарлар мен құстарды бордақылау. Қарыз сомасы - 40 000 000 теңгеге дейін, сыйақы үстемесі – жылдық 6%, жылдық тиімді сыйақы үстемесі - 6,7% дейін, несиелеу мерзімі - 78 айға дейін.
 

«ИГІЛІК» НЕСИЕЛЕУ БАҒДАРЛАМАСЫ
 

Бағдарламаның мақсаты – ірі қара мал, ұсақ мүйізді мал, жылқы, басқа да ауылшаруашылық жануарлар мен құстардың басын көбейту және бал арасын ұстау. Қарыз сомасы – 6 000 000 теңгеге дейін, сыйақы үстемесі - жылдық 6%, жылдық тиімді сыйақы үстемесі – 6,7% дейін, несиелеу мерзімі – 78 айға дейін
 

«СЫБАҒА»
 

етті бағыттағы ірі қара малдың тауарлық табынының санын ұлғайтуды қамтамасыз ету ІҚМ аналық басын, оның ішінде ІҚМ селекциялық жас төлін және/немесе асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алу  негізгі құралдарды сатып алу және жөндеу, айналым қаражатын толтыру, жалпы көлемі қарыз сомасынан 15%-дан артық емес мөлшерде[
 

АУЫЛ ШАРУШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЖОБАЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ КРЕДИТТЕУ БАҒДАРЛАМАСЫ
 

- мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы, соның ішінде ауыл шаруашылық өнімдерді және азық-түлік өнімдерін шығаруды қамтитын шаралар кешені

- негізгі құралдарды сатып алу, оның ішінде объектілердің жаңғыртылуы;

- ҚМЖ, оның ішінде қайта құру; несие берешегін қайта қаржыландыру; айналым қаражаты

 

АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ
 

жоба мал бордақылау алаңдарын, асыл тұқымды шаруашылықтар-репродукторлар, мал табынын ұдайы өсіру және оны басқару орталықтарын, мал етін жаңа даму деңгейіне шығаратын ілеспелі инфрақұрылым (жемшөп өндірісі, мал дәрігерлік қауіпсіздігі) құру бойынша шаралар кешенін көздейді.